«Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймақ

Серіктес туралы ақпарат

2022 жылы Атырау облысында «Ұлттық индустриялды мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының («ҰИМТ» АЭА) аумағында интеграцияланған газ-химия кешені мен полипропилен шығаратын зауыттың құрылысын аяқтау жоспарлануда. АЭА құрудың мақсаты - көмірсутектерді терең қайта өңдеу жəне жоғары қосымша құны бар бəсекеге қабілетті кең мұнай-химия өнімдерін өндіру бойынша əлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру жəне дамыту бойынша серпінді инвестициялық жобаларды əзірлеу жəне іске асыру.

«ҰИМТ» АЭА және «West Dala» «Вест Дала» ЖШС серіктестігі туралы ақпарат

2018 жылдан бастап «West Dala» АЭА мүшелерімен ынтымақтастықта: Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) жəне оның бас мердігері China National Chemical Engineering Co., Ltd; «КУС» ЖШС жəне оның бас мердігері «Базис Констракшн» ЖШС; «Полимер Продакшн» ЖШС, «Air Liquide Munay Tech Gases» ЖШС; «Еламан Ойл» ЖШС жəне басқа мердігер компаниялар.

«West Dala» құрылыс қалдықтары мен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, қабылдау, сақтау, қайта өңдеуді қамтитын қызметтердің толық циклын ұсынады. Белсенді құрылыс кезеңдерінде одан əрі өңдеу мақсатында ай сайын құрылыс, тамақ қалдықтары мен ҚТҚ шығарылады.