«Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймақ

Серіктес туралы ақпарат

Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығымен 2032 жылдың 31 желтоқсанына дейін құрылды.

АЭА Атырау облысын дамыту мақсатында инвестициялар тарту және тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру жолымен құрылады.

 

«ҰИМТ» АЭА және «West Dala» «Вест Дала» ЖШС серіктестігі туралы ақпарат

«ҰИМТ» АЭА ҚР мұнай-газ химиясының орталығы болып табылады, онда саланың ірі жобалары іске асырылады. 2018 жылдан бастап West Dala компаниясы АЭА қатысушыларымен ынтымақтасады: «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) ЖШС, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС; «Полимер Продакшн» ЖШС, «Air Liquide Munay Tech Gases» ЖШС; «Еламан Ойл» ЖШС және басқа да мердігерлік компаниялар.

Компания құрылыс қалдықтарын және ҚТҚ жинауды, тасымалдауды, қабылдауды, сақтауды, қайта өңдеуді қамтитын қызметтердің толық циклін көрсетеді.

«ҰИМТ» АЭА аумағында жобалардың өсуіне қарай, West Dala компаниясы тұрақты даму қағидаттарын сақтай отырып, қалдықтарды басқару саласындағы заманауи технологиялық шешімдерді ұсына отырып, оның қатысушыларына өз қызметтерін кеңейтуге дайын.