Серіктес туралы ақпарат
Қарашығанақ кен орны 1979 жылы ашылған, әлемдегі ең ірі газконденсаты кен орындарының бірі болып табылады, ол Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 шаршы шақырымнан астам аумақты алып жатыр. Оның бастапқы есептік теңгерімдік көмірсутектер қоры 9 миллиард баррель конденсат құрайды және 48 триллион куб фут газ қорларынан тұрады, ал жалпы бағалау қорлары 2,4-тен аса миллиард баррель конденсат және 16 триллион куб фут газ қорынан тұрады.
Қарашығанақ кәсіпорнының табысты жұмыс бес мұнайгаз өндіруші: “Эни” (29.25 процент), “Роял Датч Шелл плс” (29.25 процент), “Шеврон” (18 процент), “ЛУКОЙЛ” (13.5 процент) және "ҚазМұнайГаз" (10 процент) компанияларының кәсіби білімдері мен ірі өндірістік тәжірибесіне байланысты болып отыр. Қарашығанақ бойынша серіктестер кен орнының қорларына барынша игеру мақсатында ішкі және сыртқы мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануға,өздерінің білімдері мен тәжірибелерін Қазақстан Республикасына береді.
1997 жылы бірлескен кәсіпорын бойынша серіктестер және Қазақстан Республикасының мүддесін Уәкілетті орган Қарашығанақ кен орнын игеру мақсатында компания құрды. 2038 жылға дейін Қарашығанақты бірлесе дамыту талаптарын анықтаушы, өнімді бөлу туралы ақырғы Келісімге (ӨБАҚ) қол қойылды. Осы келісімге қол қойылған сәттен бастап 22 миллиардтан астам АҚШ доллары инвестицияланды. Әлемдегі техникалық жағынан күрделі кен орны Қарашығанақты игеру барысында көмірсутегін өндірудің алдыңғы қатарлы технологиялары қолданылды.
2023 жылы Қарашығанақ кен орнында мұнай баламасында 142,698 млн. баррель көмірсутек өндірілді. Мұндағы қабаттық қысымды ұстап тұруға кері айдалған газ көлемі 12,650 миллиард текше метрді, яғни жалпы өндірілген газдың шамамен 56,5% құрайды.
Әлеуметтік жауапты компания бола отырып, өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыру барысында КПО жергілікті халыққа және жалпы Қазақстан Республикасы үшін әлеуметтік-экономикалық игіліктерді барынша көп ұсыну мақсатында Қарашығанақтың әлеуетін барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге тырысады.
.
КПО және «West Dala» ЖШС серіктестігі туралы ақпарат
West Dala және Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В. (КПО) серіктестігінің басталуы 2011 жылы жекелеген проблемалық қалдықтар мен сарқынды суларға арналған шешімдерді ұсыну шеңберінде қаланды.
2023 жылдан бастап West Dala Қарашығанақ кен орнындағы КПО Экоорталығында сұйық қалдықтарды қайта өңдеу қондырғысын пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетеді.
Шарт шеңберінде сұйық қалдықтарды айдауға және тасымалдауға арналған арнайы техника, сондай-ақ сұйық бұрғылау қалдықтары мен ластанған суларды тазартуға және қайта өңдеуге арналған технологиялық жабдық жалға беріледі. Сондай ақ шарт шеңберінде West Dala компаниясы СҚӨЗ үшін химиялық реагенттерді жеткізеді.
West Dala компаниясы КПО Экоорталығында көрсетілетін қызметтерге алдағы тендерлерге қатысу арқылы КПО үшін өз қызметтерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Компания БҚО-да қалдықтарды басқару бойынша өз объектісін салу мүмкіндігін қарастыруда.