«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы

Серіктес туралы ақпарат

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы – Қазақстанның мұнайгаз саласындағы мемлекет мүддесін білдіретін, көмірсутегін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық оператор.  

2002 жылы құрылған ««ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ компаниялар тобының құрамына 180-нен астам ұйымдар кіреді. ҚМГ құрылтайшысы Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті атынан Қазақстан Республикасы Үкіметі болып табылады. ҚМГ акционерлері«Самрұқ-Қазына»Ұлттық Әл-ауқат қоры (90%) жәнеҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (10% + 1 акция) болып табылады.

Ұлттық компания еліміздегі мұнай мен газконденсатын өндірудің 26%, сонымен бірге табиғи және ілеспе газ өндірудің 15% қамтамасыз етеді. Оның магистралды құбыр желілері арқылы Қазақстанның мұнайының 56% жәнегазының 79% тасымалданады.   

ҚМГ геологиялық барлау жобалары портфолиосіндегі 23 жобаның (бірлескен және жеке), 14 -құрлықта,  9- теңізде жүзеге асуда. Ұлттық компания ретінде ҚМГ жер қойнауының стратегиялық участоктері бойынша басымдылық құқығына ие болады, сонымен бірге қайраңдағы кен орындарын әзірлеудегі жаңа шарттарды рәсімдеуге қатысу кезінде 50% үлесті алады. ҚМГ қызметкерлерінің саны 80 мынан асатын ірі жұмыс берушілер қатарына жатады.      

 

ҚМГ және «West Dala» ЖШС серіктестігі туралы ақпарат

«West Dala» ЖШС ҚМГ-бен Атырау және Маңғыстау облыстарындағы еншілес ұйымдардың қалдықтарын басқару бойынша жобаларды жүзеге асырып, тұрақты негізде қызмет істейді. Нысандардан өндірістік қалдықтарды, майланған топырақты, мұнаймен ластанған қалдықтарды тасып шығару және кәдеге жарату, сарқынды суларды шығару жұмыстарын орындайды.   Компания «Самрұқ-Қазына» АҚ бас компаниясының барлық тендерлік талаптарын орындайды, соған сай мердігерлермен шарттар 1 жылға жасалады. Тек қана «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «Қазтрансойл» АҚ 3 жыл мерзімге әрекет ететін тендерлер жариялады. Сенімді отандық өндіруші мәртебесін алу үшін «West Dala» ЖШС ПКО-дан өтті және индустриалдық сертификат алды.

Қазіргі сәтте «West Dala» ЖШС «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайсервис» ЖШС, «КазГПЗ» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС сияқты компаниялардың мердігері болып табылады. Ірі жобалардың қатарында: «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ құрамында мұнайы бар тарихи қалдықтарын жою және «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай резервуарларын тазалау бар.

2019 жылы ҚМГ компаниядағы ойлау мәдениетін өзгертудің қажеттілігі және еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне барлық қызметкерлердің тартылуы туралы атап өтті. Нөлдік көрсеткіштерге жету ҚМГ-дың серіктестері мен мердігерлерінің бірінші кезектегі мақсаты болуы керек. Сондықтан «West Dala» ЖШС қалдықтарды басқару саласын тиімді жұмыспен қамтамасыз ету бойынша ҚМГ бағдарламаларына белсенді қатысады.