Норт Каспиан Оперейтинг Компании Б.В.

Серіктес туралы ақпарат

Солтүстік-Каспий жобасы Қазақстандағы теңіз мұнайгаз кен орындарын игерудегі алғашқы ірі жоба болып табылады. Оның құрамына ірі төрт кен орны: Қашаған, Қайраң, Ақтоты және Оңтүстік-Батыс Қашаған кіреді.

Ең ірі Қашаған кен орны соңғы қырық жылда ашылған ең ірі мұнай кен орны болып табылды; оның өндірілетін қорлары шамамен 9-13 миллиард баррель (1-2 миллиард тонна) мұнайды құрайды. Қашаған кен орнының коллекторы Атырау қаласынан 80 шақырым қашықтықта, су астында 3-4 тереңдікте және теңіз деңгейінен 4 шақырым  (4 200 метр) төменде жатыр.

2016 жылы теңіздегі Қашаған кен орнында Қазақстан тарихында алғаш рет мұнайды коммерциялық өндіру басталды. Жобаның Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК), белгіленген кестеден бұрын құбырларды ауыстыру бойынша маңызды жобаны аяқтады және 28 қыркүйекте теңіз кешенінде алғашқы ұңғымаларды қайтадан іске қосты.

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың 7 желтоқсанында Атырауға жасаған іссапары барысында жобаның қатысушылары мен ардагерлерін осы оқиғамен құттықтады. 

2017 жылдың басында мұнайдың алғашқы миллион тоннасы экспортқа шығарылды және 2017 жылдың ортасында НКОК қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, мұнай өндірудің нақты деңгейін тәулігіне 200 000 баррельден асыра жеткізді. 

Өзінің көлемі және техникалық күрделілігіне қарай Солтүстік-Каспий жобасын жүзеге асыру кезең-кезеңімен жүргізіледі. Қашағанды игерудің 1 кезеңінің межеленген шығындары мұнайды коммерциялық өндіру басталған 2016 жылдың шеңберінде шамамен 55 миллиард АҚШ долларын құрайды.  

НКОК Н.В. және «West Dala» «Вест Дала» ЖШС серіктестігі туралы ақпарат

Каспий аймағының тамаша флорасы мен фаунасына жағымсыз әсер етуді болдырмас үшін жер үсті мен теңіздегі нысандарда қалыптасқан НКОК-тың барлық қалдықтары мен сарқынды сулары одан әрі кәдеге жарату мен өңдеу үшін арнайы кәсіпорындарға беріледі. Компания қалдықтардың одан арғы барлық өмірлік кезеңдерін қадағалап отырады және олардың түзілген сәтінен бастап толықтай кәдеге жаратуға дейінгі аралықта айрықша жауапкершілікте болады.  

«West Dala» ЖШС-гі НКОК-пен 2007 жылдан бері қызмет істеп келеді. Қалдықтарды және сарқынды суларды басқару жүйесі өзіне түрлі өндірістік және тұтыну қалдықтарын, сонымен бірге тез тұтанатын және химиялық жемір сұйықтықтарды жинау, тасымалдау, сақтау, өңдеу, зиянсыздандыру, кәдеге жарату, көму бойынша кешенді шараларды қамтиды. 

НКОК пен «West Dala» ЖШС арасындағы серіктестік шеңберінде шарттардың негізгі жұмыс көлемін орындау, шарттардың жоспарлы және жоспардан тыс жұмыс көлемінің ұлғаюы, сонымен бірге қажет болған кезде қауіпті қалдық түрлерін басқару саласындағы күрделілігі ерекше түрдегі НКОК қысқа мерзімді жобаларына қызмет көрсету сияқты Батыс Ескене мен Қашаған кен орнындағы теңіз кешені қалдықтарды кешенді басқару бойынша түрлі міндеттер шешіліп отырады. Сондай-ақ West Dala НКОК бизнес серіктестеріне осындай қызметтерді көрсетеді, бұл қалдықтарды басқару қызметтерінде сапаның жоғары стандартын және осы жобалар бойынша Қазақстан Республикасы мен НКОК заңнамасының талаптарын толық сақтауды қамтамасыз етеді.

Бәсекелестік негізіндегі берілген ұзақ мерзімді табысты шарттардың арқасында «West Dala» ЖШС аталған жобаларды табысты жүзеге асыру үшін өзінің нысандарына қалдықтардың әр түрін өңдеудің жаңа қолжетімді әдістерін енгізіп отыр, арнайы жабдықтар мен техникаларды сатып алады, сонымен бірге қажет болған кезде шарттар шеңберінде қалдықтармен жұмыс істеу кешендерінің құрылысын тұрғызып отыр, мысалы Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында НКОК Н.В. Баутинодағы Базасына жақын маңда «Қошанай» ҚЖІК бар.

Қалдықтарды басқару бойынша қызмет көрсетулерге НКОК-дің жауапкершілікпен қарауы және жоғарғы стандарттары біздің қызметтеріміздің сапасын, қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштерімізді жақсартуға, сондай-ақ біздің мамандарымыздың біліктіліктерін арттыруға көмектеседі.