Ағынды сулар мен резервуарларды тазалау

Сарқынды суларды тазалау

Бұл тұрмыстық және өндірістік сарқынды сулардың құрамындағы ластануларды су айдындарына жіберердің алдындағы тазалау бойынша шаралар кешені. Сарқынды суларды тазалау арнайы тазалау ғимараттарында жүзеге асырылады.  

Шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазалау бойынша участок ШТСС, сонымен бірге шаруашылық-тұрмыстық/нөсердің сарқынды суларының қоспаларын (немесе құрамы бойынша ШТСС жақын) қабылдау, жинақтау мен тазалауға арналған «СТГП КТҒ» блоктік-модулдік станциядан тұрады. «СТГП КТҒ» сарқынды суларды тазалау бойынша блоктік-модулдік станцияға бастапқы тұндыруды қолдана отырып биохимиялық тазалау әдісі және одан әрі екі сатылы тазалаумен сарқынды сулардан ластаушы құрамдарды барынша жоюды қамтамасыз ететін, белсенді лаймен биологиялық терең тазалау енгізілген.

«СТГП КТҒ» сарқынды суларды тазалау бойынша блоктік-модулдік станция:

  • жабдықтармен жарақтандырылған технологиялық ғимараттардан (сорғылық жабдық, құбыр желілері, айдаушы-реттеуші арматура, электр жабдықтары (автоматика мен басқару қалқандарын қоса алғанда), дозация станциялары, блок стерилдеу блогы);
  • технологиялық сыйымдылықтар (тұндырғыш-қабылдағыш, аэрация блогы, денитрификация блогы, лайды тұндыру блогы, синтетикалық жүктемесі бар жұқа сүзгі, сүзгілер мен станция желілерін шаюға арналған техникалық су сыйымдылығынан тұрады.

 

Резервуарларды тазалау

Мұнай мен мұнай өнімдерінің сұйыққоймаларын мобильді және энергияға тәуелсіз тазарту жүйесі технологиялық жағынан икемді, тиімділігі мен жылдамдығы жоғары. Барлық негізгі жабдықтар екі жартылай тіркемеге жинастырылған, әрқайсысы электр энергиясын генерациялау және сужетек жүйесі жұмыстары үшін жеке қозғалтқышпен жабдықталған. Олар мұнай және мұнай өнімдері сұйыққоймаларын түптік шөгінділерден тазарту кезінде оларды сұйылтуға, шығарып алуға және фазаларға бөлуге, сонымен қатар қоқыр жинағыштар мен қоқыр қоймаларындағы мұнай қоқырын үрлеп шығаруға арналған. Жабдық технологиялық міндеттерді орындауға қажеттінің барлығын қамтиды және сонымен бірге тазалау жұмыстарында пайдаланылатын, түрлі көмекші жабдықтарды энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті.

Мобильді жабдықтар өңделетін шөгінділердің белгілі бір аумағына шоғырланған сұйылтқыш агенттің 20 Бар (изб.) артық қысыммен құрамында мұнайы бар шөгінділерге ыстық ағынының әсерінің есебінен олардан нысандарды жоғары сапалы және ең тиімді тазалауды жүзеге асырады. Бұл жағдайда жылуды жоғалту айтарлықтай қысқарады. Барлық негізгі блоктар және кешеннің қосымша көмекші жабдықтары мобильдік жабдықтың трейлерінде орналасқан (жүйеде қандайма болмасын электр жетектері қолданылмайды), ортақ гидравликалық станциядан қоректенетін сужетектермен жарақтандырылған. Бұл тек жүйе жұмысының тұтастай қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен бірге гидравликалық қозғалысқа әкелетін, элементтердің жүктемесін оңдайлы бөлу есебінен дизельдік қозғалтқыштың жұмысындағы дизель жанармайының шығынын төмендетуге мүмкіндік береді.