Рециклинг

ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы бүгінгі таңда елімізді одан әрі дамытудың ең маңызды міндеті екені бәрімізге белгілі. Тұжырымдаманың ең негізгі бағыттарының бірі қалдықтарды үйлестіру жүйесін жетілдіру болып табылады.

Біздің компания тікелей өзінің клиенттерінің нысандарында өндірістік және тұтыну қалдықтарын бөлектеп жинауды енгізген Қазақстандағы ең алғашқы сервистік компания болып табылады.

Жыл сайын компанияның нысандарына сегрегациядан соң қайталама шикізат ретінде пайдалану үшін мердігер ұйымдарға берілетін әртүрлі қалдықтар келіп түседі. Берілген қалдықтардың пайызы кәсіпорын қабылдаған қалдықтардың жалпы сомасынан есептеледі:

  • 2021 жылы – берілген қалдықтардың үлесі 12% құрады.
  • 2022 жылы – берілген қалдықтардың үлесі 18% құрады.
  • 2023 жылы – берілген қалдықтардың үлесі 18% құрады.

Рециклингті қолданған аз ғана мерзім ішіндегі біздің компанияны тәжірибесі көрсеткендей, рециклинг саласы – қалдықтарды өңдеуде және ДЕҚОҚ (Денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау) саласында барынша табанды түрде дамытуды талап ететін өте қажетті сала.

Рециклингте үлкен нәтижелерге қол жеткізген басқа елдердің көрсеткіштеріне сай, Қазақстанда осы бағыттың дамытудың үлкен болашағының бар екенін көруге болады, алайда оны табысты жүзеге асыру үшін республикалық деңгейде қалдықтармен дұрыс жұмыс жасаудың ақпараттық алаңын күшейту қажет және әрбір азамат қалдықтарға қатысты өзінің ішкі мәдениетін өзгертуге тырысуы қажет.