Ең өзекті экологиялық проблемалардың бірі мұнай өндіру мен өңдеудегі апаттар, мұнай құбырларының тозуы, мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, кәсіпорындардың түрлі машиналар мен механизмдерді пайдалану кезінде мұнай өнімдерін қолдануы болып табылады.
Осы экологиялық мәселерді шешудің ең маңызды шарасы ластану ошақтарын жою.
Біздің компаниямыз өзінің Тапсырыс берушілеріне ластану ошақтарын жою бойынша төмендегідей іс-әрекеттерден тұратын тиімді жұмыс жоспарын ұсынады:
- ластанудың сипаты мен параметрлерін анықтау;
- ластану ошағын жою бойынша кешенді шараларды әзірлеу;
- үстіңгі бетте тазалау жүргізу;
- апат орнында, сондай-ақ арнайыландырылған алаңдарда қалдықтарды зиянсыздандыру;
- ластанған жерлерді қалпына келтіру.
Бүгінгі таңда компания өңдеудің түрлі әдістері мен технологияларын қолдана отырып мұнайгаз өндіруші кен орындарындағы қордаланған ластануларды жою бойынша қызмет көрсетуде. Сонымен бірге, апатты төгілулер жағдайында ластаушылардың құрамына байланысты өңдеудің түрлі әдістері мен технологияларын қолдана отырып әрекет ету жөніндегі қызмет ұсына алады.