Қалдықтарды жинау

Қалдықтарды жинау

Компанияда қалдықтарды жинауға арналған шамамен 5000 контейнерлік инфрақұрылым бар. Компания өз клиенттеріне қалдықтардың әр түріне арналған арнайы контейнерлерді жалға береді:

  • тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған стандартты және еуроконтейнерлер
  • ірі көлемді қалдықтарға арналған көлемі 8 м3 скиптер.
  • құрылыс және бөлшектеу қалдықтарына арналған көлемі 27 м3 скиптер

Сондай-ақ тамақ қалдықтарға, медициналық қалдықтарға, химиялық қалдықтарға, құрамында сынап бар қалдықтарға және басқа да сұйық және қатты қауіпті қалдықтарға арналған сыйымдылығы әртүрлі контейнерлер бар.

 

Дәретхана модульдері

Шалғайдағы мұнай кен орындарындағы өндірістік жұмыс тұрмыстық жағдайларды талап етеді, сондықтан қалдықтарды кешенді басқару саласында жұмыс істейтін компания өз қызметтерінде жаңа бағыт ашты – ұзындығы 6 м-ге және 12 м-ге дейінгі дәретхана модульдерін жалға беру. Қызметтің бұл түрін көрсету дәретхана модульдерін тазалауды және оларға қызмет көрсетуді қамтитын «толық аяқталған» жұмыстарды орындауды қамтиды:

  • ауыз сумен жабдықтау
  • тұрмыстық ағынды суларды жою
  • жуу және гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету
  • қағаз сүлгілер мен дәретхана қағаздарын ұсыну