West Dala – 2005 жылдан бері Қазақстанның батыс аймағында өндірістік және тұтыну қалдықтарын кешенді басқару бойынша қызмет көрсететін қазақстандық жеке сервистік компания (жауапкершілігі шектеулі серіктестік). Клиенттерге қалдықтарды басқарудың стандарттық тәсілдермен қоса, олардың өзінідік қажеттіліктерін жеке дара шешу жолдары да ұсынылады.
Компания ҚР заңнамалық талаптарына толықтай сәйкес жұмыс істейді. Сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты сақтау және техника қауіпсіздігі саласында ISO стандарттары бойынша кіріктірілген менеджмент жүйесі енгізілген.
West Dala 500-ден астам ұйымдарға қызмет көрсетеді. Қалдықтарды басқару бойынша кешенді және жекелеген қызмет көрсетулер әлемдегі Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ сияқты ең ірі мұнай мен газ кен орындарындағы өндіруші операторларға, сонымен бірге мұнайсервистік секторына, өнеркәсіптік ұйымдарға, медициналық мекемелерге, сауда және халыққа қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға және басқа да компанияларға ұсынылады.
Компания ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа бағытталған: ірі клиенттермен арадағы шарттарға 5 жылға қол қойылады. Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін әлемдегі алдыңғы қатарлы технологиялар пайдаланылады. Компанияның қаржылық есептілігі жыл сайын аудиттен өткізіледі.
West Dala қалдықтарды басқару саласындағы ірі ойыншы болып табылады, Қазақстан Республикасының ішіндегі, сондай-ақ оның аумағынан тыс қалдықтарды басқару саласындағы перспективалы жобаларды бірлесе жүзеге асырудың мүмкіндіктері туралы ықтимал инвесторлармен диалогқа мүдделілік танытады.
Ынтымақтастық шеңберінде компания қалдықтарды кешенді басқару бойынша нысандары құрылысын салуға инвестиция тартудың мүмкіндіктерін қарауды, сонымен бірге, өзінің казіргі уақыттаға және болашақ Клиенттерінің қалдықтарды басқару саласындағы жекелеген өзекті мәселелерін шешу үшін арнайы жобаларды ұсынуға дайын.
Ынтымақтастық мәселері бойынша сыртқы және ішкі коммуникациялар бөлімінің бастығына хабарласуыңызды сұраймыз:
Индира Медетова