Компания туралы

БІЗ БІРГЕ ТҰЙЫҚ ЦИКЛ ЭКОНОМИКАСЫН ҚҰРАМЫЗ

«West Dala» ЖШС өндірістік және тұтыну қалдықтарын кешенді үйлестіру бойынша практиканы енгізген Қазақстандағы алғашқы сервистік компания.

Компания 2005 жылы құрылған.

Қалдықтарды басқару бойынша кешенді және жекелеген қызмет көрсетулер мұнайгаз саласының ұйымдарына, сауда және тұрғындарға қызмет көрсету саласының кәсіпорындарына, медициналық ұйымдарға, қатар түрлі компанияларға ұсынылады.

Компания өзінің клиенттеріне қалдықтарды үйлестірудің тек қана стандарттық тәсілдерін ұсынып қоймайды, сонымен бірге Тапсырыс берушінің нақты талаптары мен тілектерінен шығатын шешімдерді сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты сақтау және техника қауіпсіздігі саласындағы заңнамалардың талаптарына толықтай сәйкес әзірлейді.

Қалдықтарды басқару саласындағы жетістіктері үшін компания 2013, 2015, 2017 «Сала Көшбасшысы» ұлттық сертификаттары және медалдарымен марапатталды.

2014 жылы компания қалдықтарды басқару бойынша Қазақстандық “KazWaste” Ассоциациясына мүше болып енеді.

2018 жылы кәсіпорын өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару бойынша мамандандырылған кәсіпорындарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес сертификат алды.

2020 жылы компания "KazService" Қазақстанның мұнай сервистік компанияларының одағының мүшесі болып енді.

2022 жылы компания «өндірістік қалдықтарды басқарудағы көшбасшы» тәуелсіз қоғамдық марапатына ие болды.

2023 жылы компания тұрақты даму саласындағы жетекші ерікті бастамаға – БҰҰ Жаһандық шартына қосылды.

2024 жылы компания S&P халықаралық агенттігінің қалдықтарды өңдеу саласындағы қазақстандық компаниялар арасында бірінші ESG рейтингін алды - https://www.spglobal.com/esg/scores/results?cid=114785869.

 

«West Dala» ЖШС қалдықтарды үйлестіру мәселелерінде әлемдік үздік практикаға сәйкес қызығушылық танытқан барлық тараптармен диалогқа әрқашанда дайын.

БІЗДІҢ СЕРТИФИКАТТАР

1102 Қызметкер
1,680,107 Тонна қалдықтар қабылданды
1,276,249 Тонна қайта өңделгені
1,830,000 Жұмыс уақыты жоғалтусыз адам сағаттары

Біздің команда

Біз өз клиенттеріміздің сенімді серіктесі болуға, өз клиенттерімізбен, іскер серіктестерімізбен, мемлекеттік органдармен және қоғаммен тығыз ынтымақтастықта бола отырып барынша экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу жолыменен экологияны сақтауға және жақсартуға өз үлесімізді қосуға ұмтыламыз.