ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ

Алғашқы жұмыс тәжірибеңізді қалай алуға болады? Бұл сұрақты жас мамандар студент кезінен қояды. Қазақстанда бұл міндет қазір мемлекеттік қолдау мен жеке бизнестің қатысуымен шешілуде. Мысал ретінде әлеуметтік жауапкершілік аясында және Қазақстан Республикасының жаңа Әлеуметтік кодексін жүзеге асыру мақсатында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз еткен “West Dala” серіктестігінің тәжірибесін келтіруге болады. Ағымдағы жылдың жазында “West Dala” кәсіпорнына «Мансап орталығы» арқылы Атырау облысы бойынша «Еңбек ұтқырлығы» орталығы ұсынған жас мамандар жұмысқа қабылданды. Мұндай орталықтар жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, өңірлік жұмыспен қамту саясатын жүзеге асырумен айналысады. Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуді Атырау облысының әкімдігі мен NCOC компаниясы көрсетеді.

Қазір біздің командада қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жас инженерлер, заң кеңесшісі, есепші, инженер-эколог, экономистер және логист бар. West Dala-ға қабылданған тыңдаушылар Жастар тәжірибесі бағдарламасының барлық талаптарына жауап береді: 35 жасқа толмаған тіркелген жұмыссыздар, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, соңғы бес жыл ішінде оқу орнының дипломын алған. Тағылымдама ұзақтығы 12 айдан аспайтын болады және осы кезеңде мемлекеттік бағдарламада белгіленген еңбекақы мемлекет есебінен төленеді. «Жастар тәжірибесі» кәсіби тәжірибе жинақтауға, өзіңізді көрсетуге және одан әрі жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, “West Dala” басшылығы өскелең ұрпақты жұмыспен қамту мәселесіне үнемі көңіл бөледі, мұны компанияның да, жалпы қоғамның да дамуы үшін маңызды деп санайды. Жастар жұмысының ұзақ мерзімді мақсаты – тыңдаушыларды қалдықтарды өңдеу саласының дамуына үлес қоса алатын құнды кәсіпқойлар етіп шығару.

                             

Толығырақ:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.

West Dala компаниясының жүргізушісі Имашев Ришат НКОК ұйымдастырған тоқсан сайынғы жүргізушілер форумында IVMS есебі бойынша жоғары көрсеткіштері мен қауіпсіз жүргізгендігінің арқасында атап өтілді.

Құрық аудан орталығында Наурыз салтанатты түрде тойланды. Мерекелік жиында облыс әртістері өнер көрсетіп, жастар қошқар көтеру, садақ ату, асық сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты.

West Dala "Жер Сағаты" халықаралық экологиялық акциясына қосылды.