Компанияның нысандары

  • Атырау облысындағы төрт нысанда:

Қалдықтарды басқару Кешені (ҚБК) 

Махамбет ауданы аумағында Атырау-Орал тас жолының 8-ші шақырымында орналасқан. Жалпы ауданы 9,5 га құрайды. Нысанның аумағында радиоактивтілерді қоспағанда, түрлі өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, уақытша сақтау, сұрыптау, өңдеу, орналастыру, зиянсыздандыру бойынша участоктер, сонымен бірге сарқынды суларды қабылдау мен өңдеуге арналған участоктер орналасқан.

Қалдықтарды өңдеу мен орналастыруға арналған кешенді полигон (ҚӨжОКП) 

Қызылқоға ауданының аумағында, Атырау-Доссор тас жолының 38-ші шақырымында орналасқан. Жалпы алаңы 142 га құрайды. Полигон радиоактивтілерді қоспағанда, түрлі өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, уақытша сақтау, сұрыптау, орналастыру және көмуге, сонымен бірге құрамында мұнайы бар қалдықтарды биологиялық әдіспен өңдеуге арналған.

«Теңіз» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК)

Атырау облысының Жылыой ауданы Теңіз мұнай кен орнының жанында орналасқан. Нысанның жалпы ауданы шамамен 5 гектар. Қазіргі уақытта «Теңізшевройл» ЖШС-і мен оның мердігерлерінің БКЖ/ҰСҚБ жобасында қалдықтарды басқару аясында компания ұсынатын логистикалық қызметтерді қолдау үшін қажетті инфрақұрылымы бар әкімшілік-тұрмыстық кешені салынып, пайдалануға берілді.

«Прорва» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК) 

Атырау облысы, Жылыой ауданындағы Прорва аймағына жақын орналасқан. Нысанның жалпы ауданы шамамен 15 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру 2021 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған. Нысан аумағында өндірістік және тұтыну қалдықтарының әр түрлерін қабылдау, сұрыптау, өңдеу, орналастыру, көмуге арналған алаңдар, сондай-ақ тұрмыстық сарқынды суларды қабылдау және қайта өңдеу алаңдары орналасады.

.

 

  • Маңғыстау облысындағы екі нысанда:

«Өзен» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК) 

Қарақия ауданындағы, Өзен кен орнына жақын маңда орналасқан. Жалпы алаңы 30 га құрайды. Нысанның аумағында радиоактивтілерді қоспағанда, түрлі өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, уақытша сақтау, сұрыптау, орналастыру, зиянсыздандыруға, сонымен бірге құрамында мұнайы бар қалдықтарды биологиялық әдіспен өңдеуге арналған участоктер орналасқан.

«Қошанай» қалдықтармен жұмыс жасау кешені (ҚЖК) 

Түпқараған ауданында, Қошанайдағы NCOC N.V. базасына жақын маңда, Форт-Шевченко қаласынан 12 қашықтықта орналасқан. Жалпы алаңы 15 га құрайды. Нысанның аумағында радиоактивтілерді қоспағанда, түрлі өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, уақытша сақтау, сұрыптау, орналастыру, зиянсыздандыру бойынша участоктер орналасқан.

Басқа облысындағы нысандарды дамыту компанияның стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады, өйткені қалдықтарды кешенді басқару саласында қызметтер көрсету аталған облыстың қоршаған ортаны сақтауына және жақсартуына көмектесетін болады.