НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

Құрық аудан орталығында Наурыз салтанатты түрде тойланды. Мерекелік жиында облыс әртістері өнер көрсетіп, жастар қошқар көтеру, садақ ату, асық сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты. Қонақтардың назарына ұлттық дәстүрлерді дәріптейтін спектакльдер және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұсынылды. Орталық алаңдағы киіз үйлердің бірін West Dala компаниясы аймақтың ынтымақтастығы мен қолдауы аясында орнатты. Киіз үйімізден ауыл тұрғындары наурыз көже, бауырсақ, палаудан дәм татты. Жалпы мерекенің ерекше әсері сезілді. West Dala киіз үйіне Қарақия ауданының әкімі Төретаев Сымбат, Құрық ауылының әкімі, Мәслихат өкілдері мен Маңғыстау облысы Ардагерлер кеңесінің өкілдері келді.

 

                         

Толығырақ:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.

West Dala компаниясының жүргізушісі Имашев Ришат НКОК ұйымдастырған тоқсан сайынғы жүргізушілер форумында IVMS есебі бойынша жоғары көрсеткіштері мен қауіпсіз жүргізгендігінің арқасында атап өтілді.

West Dala "Жер Сағаты" халықаралық экологиялық акциясына қосылды.