ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАР

Жаңа жыл-көңілді мерекелер мен сыйлықтар уақыты! Махамбет ауданының мәдениет үйіндегі ертеңгілікте балалар да, ересектер де жақсы көңіл-күй сыйлады! West Dala компаниясының өкілдері - Айгүл Даниялова мен Жанболат Мағжанұлы Елубаев 80 мүгедек балаға біздің фирмалық тәтті сыйлықтарымызды табыс етті.
Ертеңгілікте жаңа жылдық құттықтаумен Махамбет ауданының әкімі Нұрлыбаев Қайрат Есқабылұлы мен Махамбет ауданының мүгедектер қоғамының төрағасы Жолай Түгелбаев West Dala мен Қайрат Шаменұлы Салахаденовке қолдау мен ілтипат көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Біздің қатысуымыз балалар мен олардың ата-аналарына күлкі мен жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтынына қуаныштымыз! Барлығын келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаймыз!

 

 

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.