СУ ТАСҚЫНЫ

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді: Ақтөбе облысының Үйіл ауданынан Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Құлсары қаласы су астында қалды. Қазір облыста су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде.

West Dala жұмысшылары Қалдықтарды Басқару Кешенінің (ҚБК) солтүстік жағындағы Қара өзенінің жағалауын нығайтты. Компания 2000-нан астам қап контейнерлерін төседі. Сондай-ақ, West Dala қызметкерлері серіктестермен бірге Соколок каналының түбін тазарту және тереңдету жұмыстарына атсалысты. West Dala-ның қатысуымен тасқынға қарсы шаралар жалғасуда.

Біз береміз!

 

      

Толығырақ:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.