ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАР

Жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Мұндай оқиғалардың басты кейіпкерлері, әрине, балалар! "Ай-Шуақ" қоғамдық қайырымдылық қоры Маңғыстау облысының мүмкіндігі шектеулі жетім балаларға арналған жаңа жылдық шырша ұйымдастырды. West Dala 80 жаңа жылдық тәттілер пакетін сыйға тарту арқылы мерекені қолдады. Бұл балалардың күлкісі ең жылы сезімдерді тудырады!

Жаңа жылдық мерекеде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров Маңғыстау облысының қоғамдық дамуына қосқан үлесі үшін West Dala компаниясына алғыс хат табыс етті.

 

 

                                              

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.