Жаңа жыл алдындағы уақыт

Жаңа жыл алдындағы уақыт - тосынсыйлар мен сыйлықтар уақыты! West Dala қалыптасқан дәстүр бойынша жақын маңдағы аудандардың кішкентайларын қуантты. Жаңа жыл қарсаңындағы мерекелік шарада біздің компания өкілдері Махамбет ауданының 147 мүгедек баласына тәтті сыйлықтар табыс етті. Аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Жолай Түгелбаев мүгедек балалардың ата-аналары атынан West Dala ұжымына және компания басшылығына ерекше балаларға қамқорлық көрсеткені үшін зор алғысын білдірді. Сондай-ақ, West Dala атынан сыйлықтар Алмалы ауданындағы 12 мүгедек балаға берілді. 

Келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз! Барлық отбасыларға ұзақ жылдар бойы денсаулық пен амандық тілейміз!

 

 

                                                             

 

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.