ҚЫЗМЕТТЕР

West Dala компаниясы әртүрлі әдістер мен өңдеу технологияларын қолдана отырып, мұнай және газ кен орындарындағы тарихи ластануды жою бойынша қызметтерді ұсынады. Бір ғана мысал, «Маңғыстамұнайгаз» АҚ (ММГ) мен “West Dala” арасындағы келісім аясында Қарақиян ауданындағы жұмыстар.

Өткен аптада баспасөз туры барысында журналистер мен мемлекеттік органдардың өкілдері мұнай қалдықтарын тазарту барысымен танысты. Негізгі топырақ өңдеу жұмыстары биоремедиация өңдеуге арналған. Негізгі келісім-шарт бойынша көлемі 87 818 тонна болса, оның 59 461 тоннасы қазіргі уақытта тазартылып, тазартылған топырақтар қалпына келтірілді.

Баспасөз турында атап өтілгендей, барлық топырақ тазалау жұмыстары 2019 жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында жасалған қоршаған ортаны қорғау саласындағы меморандумға сәйкес жүргізілуде. Оның мақсаты – мұнаймен ластанған аумақтарды тазарту. Ластанған топырақтарды қауіпсіз деңгейге дейін тазартқаннан кейін үшінші тарап тәуелсіз аккредиттелген мердігер зертханалар, “ММГ” АҚ және Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті талдау жүргізеді. Талдаудан оң нәтиже алғаннан кейін өңделген топырақ тазартылған аумақты мелиорациялауға пайдаланылады және мемлекеттік бақылау органдарына және Қарақиян ауданы әкімдігіне беріледі.

 

 

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.