ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

West Dala әртүрлі салалардағы қалдықтарды кешенді басқаруды дамытуға үлес қосады. Соның бірі – болашақ сала мамандарын оқытып, тәлімгерлік ету. Жыл соңына дейін West Dala серіктестігінің өндірістік нысандарында дуалды кадрларды оқыту жүйесін енгізу бойынша Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетімен Ынтымақтастық келісімін жүзеге асыру жоспарлануда.

Автоматтандыру және өндірісті басқару; көлік технологиялары; өнеркәсіптік энергия; органикалық заттардың химиялық технологиялары; мұнай-газ саласына арналған машиналар мен жабдықтар; құрлықпен теңізде, мұнаймен газ құбырларын және мұнаймен газ қоймаларын жобалау және пайдалану; өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс; өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; инфокоммуникациялық жүйелер және желі қауіпсіздігі; мұнай-газ бизнесінің экономикасы мамандар бойынша оқитын студенттер тәжірибелік сабақтардан өтеді.

«Қыркүйек айында Келісімді жүзеге асырудың барлық кезеңдерін талқылау үшін педагогикалық ұжымның мен West Dala қызметкерлерінің жұмыс кездесуі өтті. Әрбір студент үшін жеке оқу жоспары құрылып, студенттер аптасына кемінде екі рет біздің кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтеді», - дейді West Dala-ғы адам ресурстары және өндірістік байланыстар бөлімі басшысының орынбасары Асыл Темиртасова. Дуальды жүйенің сөзсіз артықшылығы студенттердің қалдықтарды басқару саласында теориялық және практикалық кәсіби білім мен дағдыларды алуы болмақ.

Толығырақ:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.

West Dala компаниясының жүргізушісі Имашев Ришат НКОК ұйымдастырған тоқсан сайынғы жүргізушілер форумында IVMS есебі бойынша жоғары көрсеткіштері мен қауіпсіз жүргізгендігінің арқасында атап өтілді.

Құрық аудан орталығында Наурыз салтанатты түрде тойланды. Мерекелік жиында облыс әртістері өнер көрсетіп, жастар қошқар көтеру, садақ ату, асық сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты.

West Dala "Жер Сағаты" халықаралық экологиялық акциясына қосылды.