Жақында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Дүниежүзілік қайта өңдеу күніне орайластырылған қалдықтарды басқару саласындағы қазақстандық ТОП-30 кәсіби мамандардың бірінші жыл сайынғы тізімі жарияланды. 

«KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастығы дайындаған тізімге «West Dala» ЖШС қалдықтарды басқару жөніндегі кешен өндірісінің бастығы Боранбай Батырғалиұлы Күмісбеков енгізілді. Бұл салада 15 жылдан астам уақыт жұмыс істейтін кәсіпқой маманды лайықты мойындау. Осы уақыт ішінде ол өзін мықты көшбасшы ретінде көрсетті. Оны тіпті жұмыстан тыс уақытта да КУО-да жиі кездестіруге болады, өйткені кешен Боранбай Батырғалиұлының еңбек өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Оның білімі мен жауапкершілігінің арқасында КУО өндірісі сенімді қолда екеніне компания сенеді.  

«KazWaste» қауымдастығы тізімге енгізу қалдықтарды басқару саласын дамыту мен жетілдіруге мамандар қызметінің қосқан үлесін бағалау болып табылатынын атап өтті.                                                                  

Ұжым атынан Боранбай Батырғалиұлын құттықтаймыз және жұмысына алғыс білдіреміз! Сондай-ақ, біз саланың үздік 30 кәсіби маманына кірген барлық мамандарды құттықтаймыз және оларға табыс пен өркендеу тілейміз!

 

                          

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.