ПАНКРАТИОН

Наурыздың құрметіне спорттық іс-шаралар өткізу еліміздің көптеген қалаларында дәстүрге айналды. Форт Шевченко қаласында панкратионнан кадеттер мен жасөспірімдер арасында қала әкімінің жүлдесіне арналған облыстық турнир мерекеге арналды. West Dala компаниясы 20-21 наурыз аралығында өткен осындай маңызды шараға демеушілік жасады. Өз шеберліктерін көрсеткен жас спортшыларды біздің әріптесіміз, жоба менеджері Тарас Айсұлтанов марапаттады. Турнирді қолдағаны үшін Форт Шевченко қаласының әкімі атынан West Dala басшысына алғыс хат пен естелік медаль табысталды.

 

                                               

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.