ҚОРШАҒАН ОРТАНЫСТАР КОНКУРСЫ

West Dala-да Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған жыл сайынғы байқау басталды. Біз экологияға деген қамқорлық пен креативті қызметкерлердің бірігуі, қалдықтарды қайта қолдану бойынша, баға жетпес идеяларды сыйлайтынына сенімдіміз. Компанияның әрбір объектісі конкурсқа қалдық материалдардан, яғни өзінің бастапқы мақсаты бойынша пайдалануға болмайтын заттардан орындалған екі жұмысты ұсына алады.

Байқау ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін жалғасады, ал жеңімпаздарды марапаттау эколог күнін мерекелеу қарсаңында жоспарланып отыр. Қазылар алқасының шешімі бойынша үздік жұмыстар авторлығын көрсете отырып, West Dala нысандарында орналастырылатын болады.

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.