ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАР

Шілде айында “West Dala” Қоғамдық тыңдаулар арқылы ашық жиналыс өткізді. Мақат ауданы тұрғындары мен әкімдігінің, Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, Экология Департаментінің өкілдеріне ҚӨЖОКП-ны одан әрі жаңғырту жобасы ұсынылды. Қоғамдық тыңдауларға қатысушылар кәсіпорынның өндірістік ағынды суларды және сұйық қалдықтарды тазарту бойынша блок-модульдік кешен, сондай-ақ тұрмыстық сарқынды суларды биологиялық тазарту қондырғысын салу жөніндегі жоспарларымен таныстырылды. Презентациядан кейін West Dala денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Ерзат Тұяқбаев аталмыш жобаны іске асыру кезеңдері, сондай-ақ ҚӨЖОКП-ның қалдықтармен ағымдағы жұмысы туралы сұрақтарға жауап берді. Қоғамдық тыңдаулар бірауыздан өткізілді деп танылды.

 

                             

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.