МАРАПАТТАУ

West Dala компаниясына 18 жыл болды! Осы уақыт ішінде біз қалдықтарды өңдеуді дамытуға және өңірдің экологиясына қамқорлық жасауға үлкен үлес қосып келеміз. 18 жыл ішінде біз баға жетпес кәсіби тәжірибе жинақтадық және пікірлестердің үлкен командасын жинадық. Бас директор Қайрат Шаменович Салахаденов құрылтайшылардың атынан және жеке атынан West Dala дамыту жолындағы үйлесімді және қажырлы еңбектері үшін барлық қызметкерлерге алғысын білдірді.

18 жылдық мерейтойға орай компанияда 10 және 15 жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлер марапатталды. Бас кеңседе, ҚБК және ҚӨЖОКП-да өткен салтанатты жиындарда 90-нан астам адам алғыс хаттармен марапатталды! Олардың компанияға деген адалдығы мен сенімі West Dala-ның іскерлік серіктестермен және кәсіби нарықтағы позициясын нығайтуға көмектескені сөзсіз!

Барлық қызметкерлерді құттықтаймыз! Компанияның өркендеуін және үздіксіз ілгерілеуін тілейміз!

  

  

  

  

  

   

 

 

 

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.