МАРАПАТТАУ

West Dala Қазақстандағы өндірістік қалдықтарды басқару бойынша көшбасшы болып табылады. Біздің көшбасшылығымыз көптеген құрамдас бөліктерден тұрады, соның ішінде қызметкерлердің жоғары біліктілігі мен экологиялық таза технологияларды пайдалану. Компанияның барлық жобаларында экологиялық аспект басымдық болып табылады. Сондықтан Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен эколог күні West Dala ұжымы үшін маңызды кәсіби мерекелер болып табылады.

Биылғы жылы West Dala басшылығы атынан «Өндірістік саладағы қоршаған ортаны қорғау жүйесі мен жұмысына қосқан үлесі үшін» Алғыс хаттары келесі қызметкерлер ие болды:

  • Мажитов Ербол Разиденұлы – "ҚӨЖОКП" басшысы
  • Кенжеғалиева Айнур Жұмабайқызы – қайта өңделетін заттардың қозғалысын бақылаушы
  • Сагиева Айнагүл Бекболатқызы – Экология департаментінің жетекші экологы
  • Салық Жәнібек Асланбекұлы – "Өзен" ҚЖК-нің басшысы
  • Байекеева Жанна Жылгалиқызы – Маңғыстау қаласының бас экологы
  • Сақыпов Мирас Оразалыұлы – "Қошанай" ҚЖК-нің техникалық шарттар операторы
  • Дощанов Райымбек Рызабекұлы - "Прорва" ҚЖК-нің аға КТҚ операторы:
  • Болатқалиев Зейнолла – "ҚӨЖОКП" сұрыптаушысы:
  • Елешов Мүслим Құспангалиұлы – ҚБК-нің жүргізушісі
  • Мұхтахиев Нұрбол Жұмабекұлы – "Өзен" ҚЖК-нің өңдеуші операторы

Барлық қызметкерлерді құттықтаймыз және қоршаған ортаға қосқан үлесіңіз үшін тағы да алғыс айтамыз!

 

 

 

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.

West Dala компаниясының жүргізушісі Имашев Ришат НКОК ұйымдастырған тоқсан сайынғы жүргізушілер форумында IVMS есебі бойынша жоғары көрсеткіштері мен қауіпсіз жүргізгендігінің арқасында атап өтілді.

West Dala компаниясы БҰҰ-ның сарапшылары компаниялардың стратегиялық және операциялық қызметіне 17 Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) біріктіріп, қолдануға әзірлеген білім беру курсы – SDG Ambition бағдарламасына қатысуын аяқтады.