«Күзгі тал егу» акциясы

West Dala компаниясы ауыл аумағындағы жаңа әлеуметтік объектіні көгалдандыру үшін 15 боз арша көшеттерін сыйға тартып, Баутинодағы «Күзгі тал егу» акциясына қатысты.

Қазан айында ауылда өткізілетін іс-шараларға әрқашан West Dalaның белсенді қатысатыны айтылған Баутино ауылдық әкімінің қолы қойылған алғыс хатын алдық. Әкім West Dalaның барша  қызметкерлерінің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.