Атырау қалалық мәслихатының депутаттары өндірістік қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы әдістер мен технологиялармен және олардың қоршаған ортаға әсерімен танысу мақсатында «West Dala» компаниясының Қалдықтарды басқару кешенінде (ҚБК) болды.

«West Dala» мұнай-газ саласындағы ұйымдарға, сауда және халыққа қызмет көрсету кәсіпорындарына, медициналық ұйымдарға, сондай-ақ әртүрлі компанияларға қалдықтарды басқару бойынша қызметтердің толық кешенін ұсынады. «West Dala» қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсаттар: қызмет түрлеріне лицензиялар, бірінші санаттағы объектілерге қоршаған ортаға әсер етуге рұқсаттар, объектілерге санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар және басқа да құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

Махамбет ауданындағы «Атырау-Орал» тас жолының 8 шақырымында орналасқан Қалдықтарды басқару кешені (ҚБК) ағынды және сарқынды суларды басқаруға арналған заманауи қондырғылармен жабдықталған. ҚБК-де депутаттарға нысандағы кешенді басқару тізбегі көрсетілді: қалдықтардың қалай қабылданатыны, қалдықтардың сұрыпталуы, өндірістік ағынды сулар мен сұйық қалдықтардың тазартылуы; қалдықтарды экологиялық қауіпсіз жоғары температурада кәдеге жарату; қалдықтарды залалсыздандыру; қалдықтарды демеркуризациялау; химиялық сұйық және қатты қалдықтарды, тамақ, медициналық және басқа да қалдықтар түрлерін өңдеу. Кешендегі барлық қондырғылар түтін газдарын тазартудың көп сатылы деңгейлерімен жабдықталған, осылайша қондырғылардағы жану кезіндегі газдар тазартылады және қоршаған ортаға зиян келтірмейді, бұл аккредиттелген зертхананың бақылау нәтижелерімен расталады.

ҚБК-ін аралаған депутаттар нысандағы жұмыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, аумақтың тазалығы мен санитарлық нормалардың сақталуын атап өтті.

Өз кезегінде «West Dala» компаниясының өкілдері депутаттарға құрылыс қалдықтары, шыны қалдықтары, аккумуляторлар және басқа да қалдықтарға қатысты саланың түйткілді мәселелерін айтты. Сондай-ақ, кездесу барысында қазіргі уақытта өңірде кейбір жосықсыз компаниялар тарапынан медициналық қалдықтармен кәсіби емес қарым-қатынас байқалғаны, бұл өңірдің экологиясына зиян келтіретіні атап өтілді.

 

 

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.

West Dala компаниясының жүргізушісі Имашев Ришат НКОК ұйымдастырған тоқсан сайынғы жүргізушілер форумында IVMS есебі бойынша жоғары көрсеткіштері мен қауіпсіз жүргізгендігінің арқасында атап өтілді.

West Dala компаниясы БҰҰ-ның сарапшылары компаниялардың стратегиялық және операциялық қызметіне 17 Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) біріктіріп, қолдануға әзірлеген білім беру курсы – SDG Ambition бағдарламасына қатысуын аяқтады.