ДУАЛДЫҚ ТРЕНИНГ

Қараша айында West Dala компаниясы мен Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті арасындағы West Dala өндірістік нысандарында дуальды оқыту жүйесін енгізу бойынша ынтымақтастық туралы Келісімді жүзеге асыру басталды. Қазір әріптестеріміз көлік технологиялары, өнеркәсіптік экология, энергетика, химиялық технологиялар, логистика, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, IT және мұнай-газ бизнесін басқару салаларында оқитын студенттерді оқып жатыр.

                      

Толығырақ:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.

West Dala компаниясының жүргізушісі Имашев Ришат НКОК ұйымдастырған тоқсан сайынғы жүргізушілер форумында IVMS есебі бойынша жоғары көрсеткіштері мен қауіпсіз жүргізгендігінің арқасында атап өтілді.

Құрық аудан орталығында Наурыз салтанатты түрде тойланды. Мерекелік жиында облыс әртістері өнер көрсетіп, жастар қошқар көтеру, садақ ату, асық сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты.

West Dala "Жер Сағаты" халықаралық экологиялық акциясына қосылды.