ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛАУ КҮНІ

16 қыркүйекте West Dala қызметкерлері “World clean up day 2023” (Дүниежүзілік тазалық күніне) арналған қалалық іс-шараға қатысты. Бұл науқан Атырау облысы бойынша экология департаменті кәсіпорындармен, облыстың табиғат қорғау белсенділерімен және еріктілерімен бірлесіп ұйымдастырды. Алты мың сенбілікке қатысушылардың көмегімен Жайық жағалауы Мечников көпірінен (АХАЖ) С.Бейбарыс көшесінің бойындағы көпірге дейін, Мечников көпірінен (АХАЖ) Атырау ықшамауданындағы айналма көпірге дейін және Облыстық балалар ауруханасының Орал жағалауына дейін қоқыстан тазартылды.

«Сенбілікке 40-тан астам әріптестеріміз белсенді қатысуда. Бұл біздің бірінші тазалауымыз емес. Мен мұндай әрекеттерді әрқашан толық қолдаймын және жастар да шетте қалмаса екен деп сенемін. Өйткені, бұл біздің қала, біздің жер. Біз бейжай қарай алмаймыз. Біздің мақсатымыз – қаланың таза болуы, мұны өзіміз қамтамасыз ете аламыз», - деді науқан туралы Атырау Пресс тілшісіне West Dal қызметкері Кәмшат Тахиталиева.

Науқан аясында 150 тоннаға жуық қоқыс жиналды: шыны, пластик бөтелкелер, резеңке, қағаз және металл. Барлық жиналған қалдықтар «Спецавтобаза» ЖШС полигонына жіберілді.

 

 

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.