West Dala-ға «А» санаты берілді.

Теңізшевройл (ТШО) мердігер компанияларының қызметін бағалаудың маңызды бөлігі CHESM аудитінен өту болып табылады, ол еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару процесін тексереді.

2022 жылы 4 сәуірде жүргізілген CHESM процесінің аудит қорытындылары бойынша, West Dala компаниясы мүмкін болған 100-дің 98%-ын алды. Біз соңғы үш жылда осындай жоғары бағаға ие болған, барлық мердігерлерден ТШО-дың екінші бизнес-серіктестеріміз. West Dala компаниясының аудит қорытындысы бойынша «А» санаты берілді.

Жобаға қосылған барлық қызметкерлерді West Dala бас директоры Қайрат Салахаденов құттықтады: «Бұл кездейсоқ жеңіс емес, нақты жүзеге асыру және барлық қажетті талаптардың орындалуы. Өмір көрсеткендей, өз атағыңды қорғап, биіктікте ұстап қалу қиын. Бірақ, әріптестер, егер біз компания саясатын осы бағытта сенімді, жұмылған түрде алға жылжытатын болсақ - бұл нақты орындалмақ. Баршаңызға денсаулық, амандық және қауіпсіз еңбек тілеймін».

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.