БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯ

14 наурызда Астанада өткен ESG принциптерін басқару саласындағы кәсіпорындардың тәжірбиесіне интеграциялауға арналған баспасөз конференциясында S&P Global рейтингтік агенттігінен қалдықтарды басқару саласында халықаралық ESG рейтингін алған Қазақстандағы алғашқы компания Атыраулық «West Dala» ЖШС компаниясы болғандығы жарияланды. «West Dala» ЖШС Корпоративтік даму жөніндегі директоры Диас Хабиев: «Біз 19 жыл бойғы қызметімізде экологиялық және әлеуметтік аспектілерге көңіл бөле отырып тұрақты даму қағидаттарын ұстанамыз»,- деді. Бұл экологиялық жағдайы қиын аймақтағы тұрақты дамуға бағытталған үлкен қадам екендігін атап өткен жөн. Осылайша, кәсіптің жауапкершілігі артып, бұл сала инвесторлар үшін тартымды бола бастайды.

Баспасөз конференциясы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және басқа да мүдделі тараптармен стратегиялық кездесу аясында өтті, онда қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін циркулярлы экономикаға айналдыру және кәсіптің ESG қағидаттарына көшуі туралы талқыланды. Бұл бағыттар елдің «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманың мақсатты көрсеткіштеріне және Орнықты Даму Мақсаттарына қол жеткізуі үшін өзекті болып табылады. Кездесу ҚР ЭГТРМ мен бизнес-қоғамдастықтың елдегі тұрақты даму мен экологиялық жағдайды жақсартуда жасаған жұмыстарының бір бөлігі болды.

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Кеңестің мүшесі, «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстандық қауымдастықтың атқарушы директоры Вера Мустафина қалдықтарды қайта өңдеу компаниялары өздерінің эксперттік құзыретін үнемі жетілдіріп отыратындығын атап өтті. Мұның дәлелі — осы саладағы компания West Dala-ның алғашқы болып ESG рейтингін алуы. Бұл маңызды оқиға Қазақстандағы қалдықтарды басқару жүйесін дамытудағы жаңа кезеңді анықтап, қоршаған ортаны қорғауға және тұрақты дамуға ұмтылысты растайды.

Тұрақты даму жөніндегі кеңестің және «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы ESG төрағасы Юлия Якупбаева ESG принциптері біртіндеп импорттаушыларға, сондай-ақ өз қарыз алушыларына жаңа талаптар қоятын қаржы ұйымдарына таралып жатқандығын атап өтті. ESG принциптерін іскерлік тәжірбиеге сәтті енгізу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан Тұрақты даму жөніндегі кеңес құрылды.

«Біз еліміздің тұрақты даму саласында нағыз көшбасшыларды тәрбиелеуіне ұмтыламыз»,- деді Якупбаева. Сондықтан қалдықтарды басқару саласындағы компанияның алғаш рет ESG рейтингін алғаны ерекше қуантады. Бұл қадам Қазақстандағы кәсіпті дамытудағы жаңа дәуір белгісі болып табылады және біздің тұрақты және жауапты кәсіпкерлікке дайындығымызды көрсетеді.

                                 

Толығырақ:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.

West Dala компаниясының жүргізушісі Имашев Ришат НКОК ұйымдастырған тоқсан сайынғы жүргізушілер форумында IVMS есебі бойынша жоғары көрсеткіштері мен қауіпсіз жүргізгендігінің арқасында атап өтілді.

Құрық аудан орталығында Наурыз салтанатты түрде тойланды. Мерекелік жиында облыс әртістері өнер көрсетіп, жастар қошқар көтеру, садақ ату, асық сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты.

West Dala "Жер Сағаты" халықаралық экологиялық акциясына қосылды.