Қауіпсіз Еңбек Мәдениеті

БКЖ-СҚБЖ жобасында қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды ұйымдастыру мақсатында, ТШО-да "Қауіпсіз еңбек мәдениеті" бағдарламасы (ҚЕМ) енгізілді. West Dala ҚЕМ орындау үшін жағдай жасайды, онда жұмысты қауіпсіз бастауға болады және қауіпті мінез-құлық немесе қауіпті жағдайлар байқалса, әр қызметкер жұмысты уақытша немесе толық тоқтатуға құқылы.  Жобадағы барлық қызметкерлер ҚЕМ төрт қағидатын ұстанады: қарым-қатынастарды дамыт; қауіп-қатерлерді танып ал; дұрыс әрекет жаса; үндемей қалма.

Әрбір вахтаның соңында ерекше көзге түскен West Dala жұмыскерлері келесі жетістіктері үшін мақтау қағаздармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады: "Қауіпсіз жүргізу", "ҚЕМ дамуына үлес", "Адал еңбек және орындалатын міндеттерге жауапты қарау", "ЖТҚ (Жұмысты тоқтатуға құқықты) қолдану". ҚЕМ бағдарламасы аясында COVID-19-дан барлық қорғау шараларын сақтай отырып, учаскелер бойынша аралап шығулар жүргізіледі. Мұндай іс-шараларда қызметкерлер ҚЕМ жақсарту туралы идеяларымен бөлісіп, басшылыққа өздерін қызықтырған сұрақтарын қояды. 

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.