INTERTEK АУДИТІ

Шілде айының соңында West Dala компаниясында ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестік аудит-бақылау жүргізілді.

Аудитті Интертек (UKAS, Ұлыбритания) сертификаттау органы жүргізді. Тексеру барысында "Ішкі және сыртқы факторлар", "ИМЖ Тәуекелдерін басқару", "Экологиялық аспектілер бойынша ақпарат", "Аудит нәтижелері (ішкі және сыртқы)" талданды.

"Кезекті аудит-бақылау біздің компания интеграцияланған менеджмент жүйесінің (ИМЖ) қағидаттары мен міндеттемелерін толығымен қолданатынын растады.
Біз жұмыс барысындағы процестерді үнемі талдап, бағалап отырамыз", - деп West Dala компаниясының ИМЖ менеджері Әсем Сәрсенғалиева атап өтті.

Талдау нәтижелері бойынша қызметті жақсартуға қатысты мүмкіндіктер жедел енгізілетін болады.

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.