ТШО

Теңізшевройл

Серіктес туралы ақпарат

Батыс Қазақстанда орналасқан Теңіз мұнай кен орны 1979 жылы ашылған. 1993 жылдың сәуірінде алғашқы серіктес-құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Шеврон» корпорациясы болып табылған «Теңізшевройл» (ТШО) бірлескен кәсіпорны құрылды. Бүгінгі таңда ТШО-ның серіктестері болып «Шеврон» (50%), «Қаз-МұнайГаз» ҰК АҚ (20%), «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк» (25%) және «ЛукАрко» (5%) болып табылады.

Ауданы 2500 км2 (1600 миль2)  болып табылатын лицензиялық участоктің аумағына Теңіз кен орны және одан кішірек, бірақ қорлары бойынша ірі Королев кен орындары кіреді. Кен орындарының өндірілетін қорлары 890 млн-нан 1,37 млрд тоннамұнай (7,1-ден 10,9 млрд дейінгі баррель) шегінде деп бағаланады. Теңіз кен орнының коллекторындағы бағалау қорлары 3,2 млрд тоннаны (25,5 млрд баррель) құрайды. Әлемдік деңгейдегі кен орындарына жататын Батыс Королев кен орнының қорлары 200 млн тонна (1,5 млрд баррель) деп бағаланады.

Теңіз кен орны – әлемдегі ең терең үлкен мұнай кен орындарының бірі, мұнайлы коллектордың жоғарғы қабаты шамамен 4 000 м (13 000 фут) тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторының жалпақтығы 20 км (12 миль), ал ұзындығы - 21 км (13 миль), мұнайлы қабаттың қалыңдығы 1 мильді құрайды.

Болашақты кеңейту жобасы (БКЖ) және ернеудегі қысымды басқару Жобасы (ЕҚБЖ) бұл - «Теңізшевройл» ЖШС-нің бір мезгілде жүзеге асырып отырған кіріктірілген екі жобасы. БКЖ жүзеге асыру Теңіз кен орнындағы мұнай өндірудің көлемін шамамен жылына 12 млн. тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге өсіруге мүмкіндік береді және осының нәтижесінде жылына шамамен 39 млн тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. БКЖ жүзеге асыру өндірістік қуаттарды кеңейтуге бағытталған, ал ЕҚБЖ сағалық қысымды төмендету және қолданыстағы алты кешеннің технологиялық желілеріндегі қысымды арттыру жолыменен Теңіздегі қолданыстағы технологиялық желілерді толықтай жүктемемен қамтамасыз етеді.

 

ТШО және «West Dala» ЖШС серіктестігі туралы ақпарат

ТШО 2018 жылы қол жеткізген қалдықтарды өңдеудің 61% деңгейін қолдау үшін мүмкіндіктерді зерттейді және қалдықтарды басқару бойынша қызмет көрсетуде жергілікті нарықтың дамуына барынша күш салады. ТШО қатты қалдықтардың 25 астам түрін өңдеуге жібереді және қайталап пайдалану үшін қарсы тараптағы ұйымдарға қағаз және пластик бөтелкелерді жинау мен өңдеу сияқты табиғат қорғау жобаларын жүзеге асырады, осылайша Қазақстанда қалдықтарды өңдеу саласының қалыптасуына көмектеседі. 

«West Dala» ЖШС-гі ТШО-ға 2012 жылдан бері өндірістік және тұтыну қалдықтарын басқару бойынша қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта ынтымақтастық мердігерлік қызмет көрсетудің басты шартымен бекітілген. Бұл West Dala-ны қалдықтарды басқару саласындағы жоғары кәсіби сервис және күрделілігі жоғары сұраныстарға технологиялық шешімдер ұсынуға қабілетті, ең алдыңғы қатарлы  кәсіби компания ретінде көрсетеді. West Dala ТШО тендерлеріне қатысуға әрдайым шақырылады және Қазақстан Республикасы заңнамасының және Chevron корпорациясының талаптарына толық сәйкестігін растайтын аудиттерден жүйелі түрде өтеді. Ал 2019 жылдан бері «West Dala» ЖШС қалдықтарды басқару бойынша және болашақты кеңейту жобасында (БКЖ/ЕҚБЖ) қызмет көрсетіп келеді.  

Теңіздегі қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін 2019 жылы «West Dala» ЖШС «Теңіз» қалдықтармен жұмыс істеу Кешенінің құрылысын салып және оны іске қосты, арнайы техникаларды, контейнерлік инфрақұрылымды сатып алды, сонымен бірге қалдықтарды өңдеу бойынша жаңа қолжетімді қолданылатын екінші нысанды – «Прорва» ҚЖІК құрылысын салуды жүргізіп жатыр.

Осы жобалардың арқасында «West Dala» ЖШС Қазақстанның барлық облысының тұрғындарына жұмыс орындарын ұсынуға мүмкіндік алды. Компания тек қана ТШО-ға ғана қызмет көрсетпейді, сондай-ақ Теңіздегі ТШО-ның мердігер ұйымдарына да қызмет көрсетіп отыр. Осылайша ТШО мен «West Dala» ЖШС-нің арасындағы жемісті ынтымақтастық толықтай Теңіз кен орнындағы қалдықтарды басқару жүйесінің жақсаруына әсер етіп отыр.  

Жыл сайын ТШО өзінің барлық мердігер ұйымдарына CHESM (денсаулықты, қауіпсіздік техникасын және қоршаған ортаны қорғау жүйесін басқару аудиті)аудитін жүргізеді.«West Dala» ЖШС CHESM бойынша өзінің көрсеткіштерін қолдауға және жақсартуға үнемі ұмтылып отырады, бұл 2019 жылғы аудит нәтижелері бойынша «А» ағымдағы грейдімен расталып отыр.