ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МӘЖІЛІСІ

ҚР Энергетика Министрлігі қоғамдық кеңесінің мәжілісі.

 

Мәжілістің күн тәртібі: «Қалдықтарды басқару мәселесі бойынша үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың әлеуеті»

Мәжілістің қатысушылары:

  1. ҚР Энергетика Министрлігінен – Школьник Владимир Сергеевич (ҚР Энергетика Министрі) және Ахсамбиев Талгат Абдикаимович (ҚР Энергетика Министрінің орынбасары).
  1. ҮЕҰ және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен – Елеусизов Мэлс Хамзаевич («Табиғат» экологиялық одағының Төрағасы); Ахметжанова Баян Теміртасқызы; Изтлеуова Шынар Орманбекова; Брагин Александр және басқалары.
  1. «West Dala» ЖШС-нен – Индира Медетова (Бизнесті және жаңа жобаларды дамыту бойынша бөлімінің бастығы)

Мәжілістің баяндамашылары:

  1. Мустафина Вера Владиленовна, Қазақстандық «KazWaste» қалдықтарды басқару бойынша Ассоциациясының Атқарушы директоры – Үкіметтік емес ұйымдардың қалдықтарды басқару бойынша ҚР заңнамаларын дамытуға қатысуы.
  2. Гор Нина Викторовна, БҰҰДБ жобалары бойынша сарапшы – химиялық қауіпсіздік және қауіпті қалдықтар бойынша БҰҰДБ жобалары.
  3. Медетова Индира Болатовна, «West Dala» ЖШС Бизнесті және жаңа жобаларды дамыту бойынша бөлімінің бастығы – Қалдықтарды өңдеу саласын дамытудың проблемалары мен перспективалары.
  4. Терешкевич Дмитрий Петрович, «Адам денсаулығы институт» АҚҰ директоры – «Энергиялық тиімді, энергия үнемдеуші экологиялық таза технологиялар» тақырыбына жүргізілген экологиялық қоғамдық тыңдаудың есебі.
  5. Зикрина Зульфира Алмазовна, «Өндіріс пен тұтынудың тұрақты даму орталығы» КҚ директоры – ҚР-дағы өндіріс пен тұтынудың тұрақты дамуына жету бойынша бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру бойынша атқарылған шаралардың тиімділігіне жүргізілген мониторинг бойынша есебі. ҚР-дағы кәсіпорындардың экологиялық-энергетикалық рейтингісін әзірлеу бойынша есебі.
  6. Душкина Юлия, «ҚР-ның тұрақты дамуына жәрдемдесу» Орталығының маманы – ҚР-да қалдықтарды бөлектеп жинауды енгізу жөнінде қоғамды хабарландыру бойынша есебі.

Толығырақ:

West Dala компаниясының «Прорва» Қалдықтармен жұмыс жасау кешеніндегі (ҚЖК) тоғаны шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды басқару және экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жасалған. Алайда, бұл тоған флора мен фауна үшін табиғи оазиске айналды. Оны шағалалар мен басқа да құстар мекендеп, жылы мезгілде ұя салып, балапан басып шығарады.

Атырауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық іс-шаралар жалғасуда. Өткен аптада Ретро-паркте кезекті «Таза парк» акциясы өтті, оған түрлі ұйымдардан 250 қызметкер, соның ішінде West Dala компаниясының жұмысшылары қатысты.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде “Қалдықтарды басқару” бағдарламасының бірінші курс студенттерінің «West Dala» ЖШС, Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалы, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты және «Спецавтобаза» ЖШС өкілдерімен кездесуі өтті.

Өткен жылдан бастап West Dala компаниясы осы күн қарсаңында қызметкерлерге материалдық көмек көрсету әлеуметтік бағдарламасын кеңейтті.