Биыл Көлік қызметкерлері күні 26 қазанға сәйкес келді. Біз West Dala компаниясының көлік бөлімі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Бұл мереке көлік жұмысының үздіксіз әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ететін барлық мамандарды біріктіреді — бұл біздің компанияның тұрақтылығы мен тиімділігінің негізі.
West Dala компаниясының бас технологы, жас маман Масалимова Минара Есболатқызы Атырау облысының аудандық деңгейінде өткен «Еңбек жолы – 2025» байқауында «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясының жеңімпазы атанды.
Таза болашаққа бастар кішкентай қадамдар. Жуырда Binom мектебінде пластикалық қалдықтарға ұқыпты қарау тақырыбында тәрбие сағаты өтті. 3-сынып оқушылары бөтелке мен банка қақпақтарын жинап, олардан нағыз кілем мен түрлі бұйымдар жасады.
Атырауда қала күніне орай дәстүрлі сегізінші Atyrau Marathon өтті. Бұл шара 5 шақырымнан бастап толық марафон — 42,2 шақырым қашықтықты таңдаған 2 000-нан астам қатысушыны біріктірді.
Қарттар күні қарсаңында West Dala компаниясы Атырау облыстық мүгедектер қоғамына көмек көрсетті. Қарт адамдарға ұн, қант, көкөністер мен жемістер, сүт өнімдері, күнбағыс майы, шай, қаймақ, түрлі макарон және жарма түрлері, тауық еті, бәліштер мен тәттілерден тұратын азық-түлік себеттері табысталды.
Осы күні біздің ҚБК, ҚӨжОКП, «Теңіз» ҚЖК және «Прорва» ҚЖК кешендерінің қызметкерлері ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын өз үлгісімен көрсетті.
West Dala жаңа оқу жылының басталуымен құттықтайды! 1 қыркүйек — әрбір оқушы үшін жаңа үміттер, арман-мұраттар мен маңызды бастау. West Dala компаниясы дәстүрлі түрде «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысып, балаларға қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылына сенімді қадам басуына жәрдемдесуде.
Тамыз айының соңында Атырауда мұнай-газ саласындағы жасанды интеллект бойынша бірінші форум өтті. Бастамашы – Атырау облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми қолдауымен Қазақстанның Мұнай кәсіпшілігі сервистік компаниялары одағы («ҚазСервис»).
Шілде айында ББЖ қайта сертификаттау аудитінің қорытындылары бойынша ұсыныстарды орындау аясында «Тәуекелдерді басқару» тақырыбында оқыту өтті.
West Dala қалдықтарды басқару және жаңартылатын энергия көздері бойынша ең ірі Еуразиялық форум — GREEN ENERGY & WASTE RECYCLING FORUM (GEWR) серіктесі болды. Компаниямыз 20 жылдығын атап өтіп жатқан биылғы жылы да осы саланың мүддесін қорғаушы KazWaste қауымдастығының барлық бастамаларын қолдауды жалғастыруда.