30.04.2019

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОТОС ТОБЫ ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ XX МӘЖІЛІСІ

Вест Дала алғаш рет «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау қызметі директорларының 20 –шы мерейтойлық мәжілісіне қатысты. Мәжіліс Ақтау қаласында 29-30 сәуір аралығында болып өтті. Мәжіліске «ҚазМұнайГаз» және оның еншілес компанияларының қызметкерлерінің экологиялық және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты 140–тан қызметкерлері қатысты. Мәжіліс ағымдағы қауіпсіздік пен еңбек қорғау жағдайын бағалау, оны одан әрі жетілдіру, жалпы мәселелерді талқылау және оларды шешу үшін ұсыныстар дайындау мақсатында жыл сайын өткізіліп отырады.

Қалдықтарды басқаруға арналған пленарлық сессияда «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобына Вест Дала ЖШС өзінің технологиялық мүмкіндіктерін таныстыру мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге өзінің көрме стендісінің маңында әртүрлі сұрақтарға жауап беріп және келушілерге компания туралы ақпараттық материалдар үлестірді.

Осындай шараларға қатысу Вест Дала ЖШС үшін ерекше мәнге ие, өйткені компания өзінің клиенттерімен барынша олардың қажеттілігін түсіне отырып, жеке қарым-қатынас және назар аударып барынша терең қатынастар орнатуға ұмтылады, оның себебі компания өз клиенттерімен ұзақ мерзімді серіктестік байланыс орнатуды бағалайды және құрмет тұтады.