Сұрыптау желісі

Сұрыптау алаңқайы қатты-тұрмыстық қалдықтарға арналған кешенді процесс жүзеге асырылтын орын болып табылады.

Қалдықтар қолмен жұмыс жасау әдісі арқылы сұрыпталады. Сұрыпталған пластиктер, қағаздар сұрыпталған қалдықтарды уақытша сақтауға арналған алаңқайға тапсырылады. Қайтадан пайдалануға жатпайтын қалдықтар контейнерлерге тиеліп, инсинераторға тапсырылады.

Сұрыпталған пластиктер, қағаздар және картон AVOS 1410 моделді Avermann каналдық сыққышында (пресс) нығыздалып, қайталама шикізатқа пайдалануға тапсырылады.

2012 жылы Компания тікелей Тапсырыс берушінің нысандарында пластиктің, қағаздың және картонның қалдықтарын бөлектеп жинауды енгізді.

2015 жылдың үшінші тоқсанында ҚБ-де конвейерлік түрдегі кешенді қондырғы сұрыптау желісі іске қосылды.