Рециклинг

Біздің бәрімізге белгілі, бүгінгі күні біздің елімізді одан әрі дамуының алдында тұрған міндеттердің бірі ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын жүзеге асыру болып табылады. Тұжырымдаманың ең негізгі бағыттарының бірі қалдықтарды үйлестіру жүйесін жетілдіру болып табылады.

Біздің компания тікелей өзінің клиенттерінің нысандарында өндірістік және тұтыну қалдықтарын бөлектеп жинауды енгізген алғаш сервистік компания болып табылады.

Жыл сайын компанияның нысандарына сегрегациядан соң қайталама шикізат ретінде пайдалану үшін мердігер ұйымдарға берілетін әртүрлі қалдықтар келіп түседі:

  • 2016 жылы – берілген қалдықтардың үлесі 45% құрады;
  • 2017 жылы – берілген қалдықтардың үлесі 45% құрады;
  • 2018 жылы – берілген қалдықтардың үлесі 35% құрады.

Рециклингті қолданған аз ғана мерзім ішіндегі біздің компанияның тәжірибесі көрсеткендей, рециклинг саласы – қалдықтарды өңдеуде және ДЕҚОҚ (Денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау) саласында барынша табанды түрде дамытуды талап ететін өте қажетті сала.

Рециклингте үлкен нәтижелерге қол жеткізген басқа елдердің көрсеткіштеріне сай, Қазақстанда осы бағыттың үлкен болашағының бар екенін көруге болады, алайда оны табысты жүзеге асыру үшін республикалық деңгейде қалдықтармен дұрыс жұмыс жасаудың ақпараттық алаңын күшейту қажет және әрбір азаматтың қалдықтарға деген қарым қатынасындағы толықтай ішкі мәдениетін өзгертуге тырысу керек.