Өңдеу

2010 жылы компанияда көмірсутектіқышқылды микроорганизмдер ассоциациясының негізінде, ҚР БҒМ Комитетінің биологиялық зерттеулер Орталығының ғалымдар тобы жасаған мұнай қышқылды «Бакойл-KZ» биопрепаратының көмегімен мұнаймен ластанған жерлер мен топырақ қабаттарын биологиялық тазалау әдісі және тәжірибелік жұмыстары табысты жүргізілді. Бұл отандық әдістеме термикалық әдістермен салыстырғанда топырақтағы мұнай және мұнай өнімдерінің құрамын маусымына 10-70 рет азайтады, ластанған топырақтарды шаруашылыққа пайдалану үшін жарамды бастапқы қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Аталған биопрепарат мұнай өнімдерінің биологиялық ыдырау процесін тездетіп және тазартылатын топырақтардың құнарлылығын арттырады.

Компания өңдеудің ақырғы өніміне балласт ретінде жолға төселіп салынуға және карьерлерді жоюға, ҚТҚ полигондарында бейтараптандырушы аралық қабат ретінде және кәсіпорындардың өндірістік аймақтарын және қалалардың аумағын көгалдандыру кезінде көгалдық топырақ ретінде қолдануға болатын ұйымның стандарты – «көгалдандыру мен абаттандыруға арналған топырақ» әзірлеп шықты.

Компания 2014 жылы ресейлік серіктестермен бірлесе отыра, мұнаймен ластанған топырақтарды, мұнай және бұрғылау шламдарын микробиологиялық әдіспен тазалау бойынша «ГРАН/GRAN тм» жаңа кешенді биопрепаратын сынақтан табысты өткізді және енгізді.

Биологиялық ремедиация әдісімен құрамында мұнайы бар қалдықтарды өңдеуге арналған арнайы биологиялық алаң қалдықтарды өңдеу мен орналастырудың кешенді полигонында орналасқан.