COVID - 19

Қазақстан Республикасын қоса, дүние жүзінде COVID-19 кең таралуының себебінен West Dala ЖШС-і қызметкерлердің жұқтыру қаупін алдын алу жөніндегі шараларды қолданады.

COVID-19 ПАЙДА БОЛУЫН ЖӘНЕ ТАРАЛУЫН АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР

West Dala ЖШС өндірістік, әкімшілік-тұрмыстық нысандарының көбісі шоғырланған Атырау өңірі COVID-19 байланысты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалының себебінен ұзақ уақыт бойы қызыл аймақта.

West Dala ЖШС халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатының саласындағы құзыретті органдардың талаптарына қатал сәйкестікте компанияның, сондай-ақ мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардың жұмыскерлерінің арасында коронавирустық инфекцияның пайда болуын және таралуын болдырмау шараларын қолдануда:

  1. кіру, ауысым алдындағы және рейс алдындағы медициналық бақылауды, барлық нысандарға кірер алдындағы термометрияны өткізу;
  2. бетперделік режимді сақтау;
  3. кем дегенде 1,5 және одан артық метр жұмыскерлер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау;
  4. тамақты қабылдаған кезде асханаға бір уақытта келетін жұмыскерлердің санын азайту;
  5. барлық келетін автокөліктік құралдарды арнайы дезинфекциялау құралдармен санитарлық өңдеуді, персоналдың қолдарын антисептикалық құралдармен үнемі санитарлық өңдеуін қамтитын дезинфекциялық режимді сақтау;
  6. Поддинг жүйесіне сай жұмыскерлерді топтар бойынша бөлу;
  7. жұмыскерлердің денсаулық күйін мониторингілеу, COVID-19 симптомдары бар жұмыскерлерді жұмысқа кіруге рұқсат етпеу;
  8. өндірістің кідіріссіздігін қамтамасыз етуімен тікелей байланысты емес персоналдың қашықтықтан жұмысқа ішінара шығару.

Алдын алу іс-шаралардың маңыздылығын сезіне отырып, компанияның жоғарғы басшылығы жеке қорғау құралдарының қорын сатып алу және үнемі толықтыру үшін қаржылық құралдарды бөліп отырады: бір рет пайдаланатын медициналық бетперделерді, бір рет пайдаланатын қорғаныс қолғаптарын және антисептикалық дезинфекциялық құралдарды, жабдықтарды.

Алдын ала қабылданған жоғарыда көрсетілген алдын алу іс-шараларының, жалпы күштердің, тәртіпке салынған жұмыстың және жұмыскерлердің жоғары тәртіптілігінің, ТЖ оперативтік штабының кәсіби жұмысының арқасында пандемияның басынан бастап коронавирустық инфекцияның кең таралуы болдырылмауда, осылайша өндірістің кідіріссіздігі және жұмыс көлемдерінің азаюына жол берілмеу қамтамасыз етілуде. 

БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ НЫҒАЙТЫЛҒАН ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ

Қалдықтарды жинау үшін контейнерлерді және арнайы техниканы дезинфекциялау – West Dala компаниясындағы қалдықтармен жұмысының кезеңдерінде процестің ажырамас бөлігі, бірақ карантин сәтінде осы шара нығайтылды. 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап компания дезинфекцияны 4 кезеңмен өткізеді:

АТЫРАУ ҚАЛАСЫН ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУЫНА ҚАТЫСУ

Атырау қаласында 2020 жылдың 30 наурызынан бастап COVID-19 таралмау мақсатында карантин режимі енгізілді. Қалалық билік қоғамдық орындарды дезинфекциялауға Атырау мамандандырылған компанияларды тартты. Соның ішінде, West Dala ЖШС компаниясы көліктік қолдауды көрсетті. Дереккөзі: https://westdala.kz/

МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ COVID-19 КҮРЕСІНДЕГІ КӨМЕК

«Isker» компаниялар тобына кіретін «Консорциум Isker» ЖШС және «West Dala» ЖШС бірлесіп COVID-19 жұқтырған пациенттерді емдеу үшін қажетті медициналық аппараттарды Атырау қаласының және Атырау облысының медициналық мекемелеріне сатып алып, табыстады.


ВАКЦИНАЦИЯЛАУ

«ВЕСТ ДАЛА» ЖШС барлық қызметкерлерге COVID-19 қарсы екпе салуға қатаң түрде кеңес береді. Вакцинациялау жұқтыру жағдайларының санын азайтады, өмірлерді сақтайды және коронавирустық дағдарыстан жылдамырақ шығуға көмектеседі.

Вакцинадан қандай жанама реакциялар немесе асқынулар пайда болуы мүмкін?

- Жағымсыз реакциялар негізінен вакцинациялаудан кейін бірінші-екінші күні болады: қалтыраумен, дене қызуының көтерілуімен, жалпы сырқаттанумен және бас ауруымен қысқа мерзімді тұмауға ұқсас синдром, сондай-ақ инъекция орнындағы аурушаңдық пайда болуы мүмкін.

Вакцинаның құрамына не кіреді?

-Вакцинаның құрамына кіретін барлық компоненттер оның қауіпсіздігі мен тиімділігінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, вакцинаның құрамына келесі компоненттер кіреді:

  • Антиген. Бұл қандай да бір микроағзаның – вирустың не бактерияның – өлі немесе әлсіздендірілген формасы, оның негізінде сіздің ағзаңыз ауру қоздырғышын кейіннен кездестірсе, оны тануға және жоюға үйренеді.
  • Адъюванттар, олар ағзаның иммундық жауапты нығайтуға көмектеседі. Оларсыз вакциналардың тиімділігі төмендеу болушы еді.
  • Консерванттар, олар вакциналарға тиімді болып қалуға көмектеседі.
  • Тұрақтандырғыштар, олар вакцинаны сақтаған және тасымалдаған кезінде оны сақтап қалуға көмектеседі.

Коронавирустан вакцинаға аллергиялық реакция болуы мүмкін бе?

- Егер ауыр аллергиялық ауру бар болса, екпенің алдындағы қаралудың кезінде медицналық қарсылық беріледі. Уақытында жауап беру мақсатында адам медициналық бақылауда (медициналық мекеменің ішінде) екпе салдырғаннан кейін алғашқы 30 минут ішінде қалған жөн: дәл осы уақыт аралығында вакцинаға аллергиялық реакция болуы мүмкін.

Екпені міндетті түрде екі кезеңде не үшін салдыру керек?

-Коронавирустан вакцинаны екі кезеңде енгізген жөн. Бірінші доза антиденелердің шағын санын өндіруінің салдарынан ұзақ мерзімді қорғаныс әсерін береді. Екінші дозасы бірінші дозасының әрекетін нығайтады және бекітеді, адам ағзасындағы антиденелердің саны ұлғаюы мүмкін.

Дозалар арасында Ковид болуы мүмкін бе?

- Бірінші дозадан кейін вакцинацияның екінші кезеңіне дейін адамдармен байланыстарды ықшамдап, барлық алдын алу шараларын сақтау қажет. Иммунитет біртіндеп өндіріледі, сондықтан осы кезеңдердің арасында адам қорғалмаған, осал болады. Ол коронавируспен ауырып қалуы мүмкін.