КОМПАНИЯДАҒЫ МАНСАП

«ВестДала» ЖШС – бұл нәтижелерге бағдарланған кәсіпқойлардың тығыз топтасқан командасы. Компанияның ең маңызды басымдылықтарының бірі, біздің қызметкерлеріміз үшін қолайлы еңбек жағдайларын сақтай отырып, біздің қызмет көрсетулерімізді ұсынудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Біз өз қызметкерлерімізді, тек қана кәсіби табыстарда ғана емес, сонымен бірге ұйымның ішіндегі мансаптық өсуіне қол жеткізуге тең мүмкіндіктер ұсына отырып та бағалаймыз.

Біздер өзіміздің корпоративтік құндылықтарымызды:

  • техника қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау саласындағы саясатты;
  • салауатты өмір салты саласындағы саясатты;
  • қызметкерлердің мінез-құлқының негізгі принциптері саласындағы саясатты;
  • кәсіпқойлық және құзыреттілік саласындағы саясатты;
  • жауапкершілік пен адалдық саласындағы саясатты енгізу жолдарымен жасаймыз.

Біздің ұжымдық еңбек шартымыз:

  • еңбек жалақысын төлеудің бәсекеге қабілетті жүйелері;
  • зиянды еңбек жағдайлары үшін қосымша төлемдер;
  • қызметкерлер үшін әлеуметтік кепілдіктер мен төлемдер;
  • қызметкерлердің еңбегін қорғаудың тиімді жүйесі;
  • медициналық сақтандыру сияқты әлеуметтік пакеттерді қамтиды.

Қызметкерлердің біліктілігін дамыту, арттыру және оқыту бойынша бағдарламалар компания менеджмент жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Жылсайын біз өз қызметкерлеріміздің экологиялық менеджмент және сапа менеджменті, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, жобаларды басқару және т.б. сияқты салаларда өздерінің білімдері мен дағдыларын жетілдіруге көмектесеміз. Біз түрлі бизнес-тренингтерден, семинарлардан, тілдік курстардан өтуге, екінші білім алуға және БӘШ мүмкіндік жасай отыра өз кәсіпқойларымызды дайындаймыз.

Пікірлестер командасы – бұл біздің корпоративтік мәдениетіміз. Біздің команда түрлі мерекелік ұжымдық шараларға және тимбилдингтерге қатыса отырып, компанияның қоғамдық өмірінде белсенділік көрсетеді.

Түйіндемелеріңізді төмендегі мекенжай бойынша алуға қашанда қуаныштымыз: westdala@westdala.isker.kz: westdala@westdala.isker.kz, cv@westdala.isker.kz