09.06.2016

Қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмыстарға қосқан үлесі үшін алғыс хат

Құрметті біздің серіктестер және клиенттер. Сіздермен өте маңызды жағымды жаңалықпен бөлісуге рұқсат етіңіздер, 2016 жылдың 5 маусымында Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев және Атырау облысы бойынша экология Департаментінің директоры Е. Қуанов қоршаған ортаны қорғауға қосқан жұмыстары үшін біздің бас экологымыз Наурзбаева Айнагүл Көбжанқызына өздерінің алғыстарын білдірді.  

А. К. Наурзбаева 1971 жылы 13 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын (Шымкент қаласы) бітірген соң, өзінің еңбек жолын Атырау облысы экология және биоресурстар басқармасының мемлекеттік талдау бөлімінің маманы болып бастаған. 2000 жылдың сәуірінен 2008 жылдың шілдесі аралығында Атырау облысы бойынша экология Департаментінің мемлекеттік экологиялық талдау бөлімінде маман болып жұмыс істеген. Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің мақтау қағазымен марапатталып және алғыс жарияланған. 2008 жылдың тамызынан бері «West Dala» «Вест Дала» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеп келеді.

Құрметті Айнагүл Көбжанқызы біздің компанияның дмуына қосқан өлшеусіз үлесіңіз бен еңбегіңіз үшін рахметімізді айтып және шын жүректен құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт, одан әрі табыстан көріне беруіңізге, биіктерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз. Біздер Сізге қарап кәсіпқойлардың қандай болатындығын және біздің Компанияның қалай жұмыс істейтіндігін мақтан тұтамыз!