КОМПАНИЯНЫҢ НЫСАНДАРЫ

  • Атырау облысындағы екі нысанда:

 

Қалдықтарды басқару Кешені (ҚБК) Махамбет ауданы аумағында Атырау-Орал тас жолының 8-ші шақырымында орналасқан. Жалпы ауданы 9,075 га құрайды. Нысанның аумағында радиоактивтілерді қоспағанда, түрлі өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, уақытша сақтау, сұрыптау, өңдеу, орналастыру, зиянсыздандыру бойынша участоктер, сонымен бірге сарқынды суларды қабылдау мен өңдеуге арналған участоктер орналасқан.

 

Қалдықтарды өңдеу мен орналастыруға арналған кешенді полигон (ҚӨжОКП) Қызылқоға ауданының аумағында, Атырау-Доссор тас жолының 38-ші шақырымында орналасқан. Жалпы алаңы 42 га құрайды. Полигон радиоактивтілерді қоспағанда, түрлі өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, уақытша сақтау, сұрыптау, орналастыру және көмуге, сонымен бірге құрамында мұнайы бар қалдықтарды биологиялық әдіспен өңдеуге арналған.

 

  • Маңғыстау облысындағы екі нысанда:

 

Қалдықтармен жұмыс істеу бойынша Кешен «Өзен» (ҚЖІК), Қарақия ауданындағы, Өзен кен орнына жақын маңда орналасқан. Жалпы алаңы 30 га құрайды. Нысанның аумағында радиоактивтілерді қоспағанда, түрлі өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, уақытша сақтау, сұрыптау, орналастыру, зиянсыздандыруға, сонымен бірге құрамында мұнайы бар қалдықтарды биологиялық әдіспен өңдеуге арналған участоктер орналасқан.

 

Қалдықтармен жұмыс істеу бойынша Кешен «Қошанай» (ҚЖІК), Түпқараған ауданында, Қошанайдағы NCOC N.V. базасына жақын маңда, Форт-Шевченко қаласынан 12 қашықтықта орналасқан. Жалпы алаңы 15 га құрайды. Нысанның аумағында радиоактивтілерді қоспағанда, түрлі өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, уақытша сақтау, сұрыптау, орналастыру, зиянсыздандыру бойынша участоктер орналасқан.

 

Басқа облысындағы нысандарды дамыту компанияның стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады, өйткені қалдықтарды кешенді басқару саласында қызметтер көрсету аталған облыстың қоршаған ортаны сақтауына және жақсартуына көмектесетін болады.