МІНДЕТІ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Біздің міндетіміз

Қызмет көрсетуді халықаралық стандарттар деңгейінде көрсетуге бағдарланған қалдықтарды кешенді үйлестіру бойынша алғашқы сервистік компания ретінде, біздер көшбасшы болып қала беруге және қалдықтарды үйлестіру саласында алдыңғы қатарлы халықаралық және отандық тәжірибені жан-жақты енгізу жолымен нарықтағы өзіміздің сараланымымызда басқаларға үлгі болуға ұмтыламыз. Біз өз клиенттеріміздің сенімді серіктесі болуға, өз клиенттерімізбен, іскер серіктестерімізбен, мемлекеттік органдармен және қоғаммен тығыз ынтымақтастықта бола отырып барынша экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу жолыменен экологияны сақтауға және жақсартуға өз үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Сіздермен бірге, бірлесе отырып әлемді таза ұстай аламыз.

Біздің құндылықтарымыз

  • Біздер сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты сақтау және техника қауіпсіздігі саласындағы заңнамалардың талаптарын қатаң сақтай отырып жұмыс жасаймыз.
  • Біздер компанияның ішінде де, сондай-ақ біздің клиенттеріміз бен іскер серіктестерімізбен қарым-қатынаста да бизнестегі айқындылық және әділдік принциптерін ұстанамыз.
  • Біздер үнемі өз білімдеріміз бен дағдыларымызды жетілдіріп отырамыз, жаңа технологияларды зерттейміз және біздің компания қызметінің басқару жүйесін жетілдіреміз.
  • Біздер өз клиенттеріміз бен іскер серіктестеріміз алдындағы алған міндеттерімізді толықтай орындай отыра, тек қана жоғарғы кәсіби сервисті ұсынуға тырысамыз.
  • Біздер жабдықтаушылармен, клиенттермен және қоғамдық бірлестіктермен біздің арамыздағы ұзақ мерзімді серістестік қатынастарымызды бағалаймыз.
  • Біздер барлық қызметкерлерге кәсіби және мансаптық өсу үшін тең мүмкіндіктер ұсына отырып, атқаратын лауазымына қарамастан өзіміздің әрбір қызметкеріміздің еңбегін және абыройын жоғары бағалаймыз.
  • Біздер өз қызметіміздің қазіргі және болшақ ұрпақтың игілігі үшін қоршаған ортаны сақтау мен жақсартуға жағдай жасайтындығын мақтаныш етеміз.