КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Вест Дала» ЖШС өндірістік және тұтыну қалдықтарын кешенді үйлестіру бойынша практиканы енгізген Қазақстандағы алғашқы сервистік компания.

Компания 2005 жылы құрылған.

Қалдықтарды үйлестіру бойынша кешенді және жекелеген қызмет көрсетулер мұнайгаз саласының ұйымдарына, сауда және тұрғындарға қызмет көрсету саласының кәсіпорындарына, медициналық ұйымдарға, сонымен түрлі компанияларға ұсынылады.

 

 

Компания өзінің клиенттеріне қалдықтарды үйлестірудің тек қана стандарттық тәсілдерін ұсынып қоймайды, сонымен бірге Тапсырыс берушінің нақты талаптары мен тілектерінен шығатын шешімдерді сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты сақтау және техника қауіпсіздігі саласындағы заңнамалардың талаптарына толықтай сәйкес әзірлейді.

Қалдықтарды басқару саласындағы жетістіктері үшін компания 2013, 2015, 2017 «Сала Көшбасшысы» ұлттық сертификаттары және медалдарымен марапатталды.

2014 жылы компания қалдықтарды басқару бойынша Қазақстандық “KazWaste” Ассоциациясына мүше болып енеді.

2018 жылы кәсіпорын өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару бойынша мамандандырылған кәсіпорындарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес сертификат алды.

2019 жылы компания «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының индустриалық сертификат алды

«Вест Дала» ЖШС қалдықтарды үйлестіру мәселелерінде әлемдік үздік практикаға сәйкес қызығушылық танытқан барлық тараптармен диалогқа әрқашанда дайын.