West Dala Қазақстанда «жасыл экономиканың» дамуына жәрдемдеседі.
Біздің қоршаған ортаға зиянды әсер етулерді азайтуды ойлайтындардың әрқайсысымен серіктестік үшін әрқашанда есігіміз ашық. Бұл принцип біздің бизнесіміздің стратегиясында және экономикалық моделінде орталық орынды алады.
Қалдықтарды басқару саласындағы халықаралық және қазақстандық тәжірибені сүйене ала отырып, біздер экологиялық қауіпсіз және қолжетімді технологияларды енгіземіз. Батыс Қазақстан аймағында мұнай өндіру мен өңдеу процесі кезіндегі, мұнай құбырларының тозуы, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, кәсіпорынның түрлі машиналар мен механизмдерді қолданғанда мұнай өнімдерін пайдалану кезіндегі апаттар өте өзекті экологиялық мәселе болып отыр. Аталған экологиялық мәселелерді шешу бойынша барынша нақты шара ластану ошақтарын жою. Біздің компания өзінің Тапсырыс берушілеріне мынадай әрекеттер арқылы ластану ошақтарын жоюдың тиімді жұмыс жоспарын ұсынады:
- ластанудың сипаты мен параметрлерін анықтау;
- ластану ошақтарын жою бойынша кешенді шараларды әзірлеу;
- беткі қабаттарға тазалық жүргізу;
- қалдықтарды апат орнында, сондай арнайы алаңқайларда зиянсыздандыру;
- ластанған жерлерді қалпына келтіру.
Егер сіздің экология мен ҚОҚ бөлімі бойынша сұрақтарыңыз бен тілектеріңіз пайда болса мына мекенжайға:westdala@westdala.kz жіберіңіз.