West Dala—нәтижеге бағдарланған кәсіби мамандардың тұтасқан командасы. Қазіргі сәтте компанияның қызметкерлер саны 1000 адамнан артық.
Біз өз қызметкерлерімізді бағалаймыз және еңбекке орналастыру кезінде барлығына тең жағдай жасаймыз. Компания барынша талантты мамандарды өзіне тартады және олардың өсуін, кәсіби тұрғыда дамуын уәждейді.
Біз қызметкерлердің сараптау деңгейінің жоғары болуын және олардың құзыреттілігінің дамуын сақтаймыз және қолдаймыз.
- компанияда қызметкерлерді оқыту, дамыту және кәсіби біліктілігін арттыру бойынша Бағдарламалар енгізілген және жүзеге асырылады.
- біз жыл сайын экологиялық менджмент және сапа менеджменті, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау, жобаларды басқару және басқа да салаларда білімдер мен дағдылардың артуына жәрдемдесеміз
- біз әртүрлі бизнес-тренингтер, семинарлар, тілдік курстардан өтуге, екінші білім және МБА дипломдарын алуға мүмкіндік бере отырып өз қызметкерлерімізді дамытамыз.
Біз, еңбек заңнамаларын, ұжымдық қағидаларды және кәсіби этиканы сақтай отыра, еңбек нарығындағы деңгеймен салыстырмалы бәсекеге қабілетті жалақы төлейміз. Біздің ұжымдық еңбек шарты мынадай әлеуметтік пакеттерді қамтиды:
- еңбекке ақы төлеудің бәсекеге қабілетті жүйесі;
- зиянды еңбек жағдайлары үшін қосымша төлемдер;
- қызметкерлер үшін әлеуметтік кепілдіктер мен төлемдер;
- қызметкерлердің еңбегін қорғаудың тиімді жүйесі;
- медициналық сақтандыру.
Денсаулықты сақтау және спорт мәдениетін дамыту, сонымен бірге салауатты өмір салтын танымал ету идеясы жалпы корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады: біздің командамыз мерекелік ұжымдық шараларға және тимбилдингтерге қатыса отырып, белсенді қоғамдық өмір сүреді.
Егерде, Сіз біздің компанияның бір бөлшегі болғыңыз келсе мына мекенжайға: WDRecruitment@westdala.kz, westdala@westdala.kz түйіндемеңізді жіберіңіз.
Егер сіз компания командасының мүшесі болсаңыз, онда ЕҢБЕК ҚАТЫНАСЫ үшін IR маманына хабарласыңыз:
- Еңбек заңнамасы (еңбек шарты, еңбек тәртібі, еңбек тәртібі, жұмыс уақыты, демалыс уақыты, жалақы, еңбек даулары және т.б.)
- Еңбек және тұрмыс жағдайлары.
- Еңбек жанжалдарының алдын алу.
- Өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ететін басқа да мәселелер.
Асыл Теміртасова, өндірістік байланыстар бөлімінің жетекші маманы - assyl.temirtasova@westdala.kz