ДЕЗИНФЕКЦИЯ

Ковид-19-ны таратпау мақсатында, 2020 жылдың 30 наурызынан бастап Атырау қаласында карантиндік режим енгізілді. Қала билігі атырау мамандандырылған компанияларын қоғамдық жерлерді зарарсыздандыруға жұмылдырды. Соның ішінде көліктік қолдауды «West Dala» ЖШС көрсетті.

Қалада Ковид-19 таралуын болдырмау мақсатында қалалық нысандарды зарарсыздандыру шаралары жүргізілуде. West Dala мамандандырылған көлігі Атыраудың көшелері мен қоғамдық аудандарында дезинфекциялық құралдарды бүркуге көмектеседі.

БІЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙМІЗ! СІЗ ҮЙДЕ ҚАЛАСЫЗ!

BIZ BIRGEMIZ!

  

  

Толығырақ:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.

West Dala компаниясының жүргізушісі Имашев Ришат НКОК ұйымдастырған тоқсан сайынғы жүргізушілер форумында IVMS есебі бойынша жоғары көрсеткіштері мен қауіпсіз жүргізгендігінің арқасында атап өтілді.

Құрық аудан орталығында Наурыз салтанатты түрде тойланды. Мерекелік жиында облыс әртістері өнер көрсетіп, жастар қошқар көтеру, садақ ату, асық сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты.

West Dala "Жер Сағаты" халықаралық экологиялық акциясына қосылды.